«Қорғас» бекетінде шекарашылар төбелесті
Алматы облысындағы «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында әскери қызметкер мен сол орталықта жұмыс істейтін азамат арасында кикілжің туындап, соңы төлесбен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қан-жоса болып жерде жатқан шекарашының видеосы әлеуметтік желіде тарауда. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған оқиғаны растады.
«Қазір осы оқиғаға байланысты 1991 жылғы күдікті ұсталды. ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп мәлім етті аталған ведомстводан.
Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметкер шекара бекетінде құжаттарды тексеріп, өткізу режимін қадағалап тұрған. Ал «Қорғас» орталығының өкілі ережеге бағынбай, шекарашыға жұдырық ала жүгірген. Соққыға жығылып, есінен танған 1993 жылғы сарбаз Жаркент қаласындағы ауруханаға жеткізілді.