Рудный полициясының тұрғындарды ұстау барысы жұрттың ашуына тиді

Рудный полициясының тұрғындарды ұстау барысы жұрттың ашуына тиді

Рудный қаласында куәгер тұрғындарды полицияның ұстау барысын бейнежазбаға түсіріп алды. Бұл Желі қолданушыларының ашуын келтірген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram әлеуметтік желісіндегі myizrudnogo-парақшасында жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің ер адамдарды ұрып-соғып, жерге құлатып құрықтамақ болып жатқынын көруге болады. Бұл жұрттың наразылығын тудырды.

 

 

"Құқық қорғау органдары тарапынан, бұлай жасауға болады ма? Жігіттердің ешқайсы қарсылық көрсетпеді, ашу шақырмады. Керісінше, полиция қызметкерлері өздерін жөнсіз ұстайды! Полицейлер шабуылдап, ұрып, қылқындыру әдісін қолданып, ұстап жатыр. Бұлай бола ма? ШОК! Ол әдейі тепті. Бұлары құзыретін асыра пайдалану. Тәртіп сақшылары тарапынан тәртіпсіздік. Бұл жерде қамауға алу емес, құзыретін асыра пайдалану екені анық. Полицияның ұрып-соғуы. Жазаны тек арақ ішкендер ғана емес, полиция қызметкерлері де көтеруі керек", - деп жазды желі қолданушылары жазбаның астына пікір қалдырып.

 

 

Қостанай облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

 

31 қаңтарда сағат 17.30-да патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері қалалық монша жанында спирттік ішімдік ішкен екі адамға назар аударғанын хабарлады. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісін болдырмау үшін полицейлер заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап етті.

 

"Қазіргі уақытта Рудный қаласы басқармасы ҚР ҚК-нің 380-бабы "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Сонымен қатар, тергеу шеңберінде бірден қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезіндегі полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығына құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста