Шымкентте есік алдында жүрген бес жасар қыз жоғалып кетті

Шымкентте есік алдында жүрген бес жасар қыз жоғалып кетті

Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына үй ауласында ойнап жүрген жасөспірім қызының жоғалып кеткені бойынша жергілікті тұрғын хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын жеткізген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәл сол сәтте сол аумақта қызмет атқарып жүрген Патрульдік полиция полкінің №739, 724 автоэкипаж қызметкерлеріне жоғалған баланың сыртқы сипаты туралы мәлімет берілген.

 

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы ойын алаңдары мен бейнебақылау камераларын қарап, іздеуге кіріскен.

 

Полиция қызметкерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде, кішкентай қыз 3 сағаттың ішінде табылған.

 

«Есік алдында ойнап жүріп, жоғалып кеткен қызды табу оңайға соққан жоқ. Десе де полиция қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде бүлдіршін аудан аумағындағы ойын алаңдарының бірінен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды», – деп мәлім етті Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция майоры Б.Набиев.

 

Өз кезегінде, полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста