Шымкенттегі фитнес орталығында 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды

Шымкентте бес жасар бүлдіршін фитнес орталығының бассейніне батып кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалып, суда тұншығып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше кешкісін сағат 17.25 шамасрында «KASIET» фитнес-клубында болған.
Құтқару қызметінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған бүлдіршіннің балалар бассейніне батып кеткені туралы хабар келіп түскен.
«Оқиға орнына келген мамандар баланың бассейнде шомылып жүріп, суға батып кеткенін анықтаған. Бассейннің тереңдігі - 1,2 метр, ал ені - 5 метр. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған» делінген хабарламада.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу