«Тәуекелдің ғана әкесі емес…». Әйгілі Сабыр Мүсілімнің сирек видеосы жарияланды

«Тәуекелдің ғана әкесі емес…». Әйгілі Сабыр Мүсілімнің сирек видеосы жарияланды

Мынау бір керемет болды. Өсек-аяқ, әнші-әртістердің ұсақ әңгімесінен шаршаған жұртқа осындай дүниелерді көбірек көрсетсе дейсің.

Әйгілі Сабыр Мүсілімнің мына видеосы ойландырарлық екен.

Иә, ол әйгілі болардай не істеді, қылмыс әлемінің серкесі емес пе еді деуіңіз мүмкін.

«Ендеше Сабыр Мүсілім деген кім?» деген сауалға жауап берелік.

Сабыр Мүсілімұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 90-жылдары есімін атаудан бас тартатын танымал қазақ режиссерінің сөзінше, Сабыр жетіммен жесірді жебеді, қарттарды сүйеді. Сол уақыттағы жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайту үшін жұмыс жасаған деп жазыпты бұл ретте juldyz.kz.

«Шымкенттің шетінде кәрістер пияз егетін. Халық аш сол пиязы ұрлап, одан қалды жазда су бөліспей, кейін жиған өнімді сата алмай әбден шығынға батты. Міне сол кәсіпкерлердің басын қосып Сабыр жиын өткізді. Нәтижесінде қазақ жігіттері шаруаларды ұры-қарыдан қорғаштап, бірге еңбек етеді.

Жыл соңында шағын алқаптан 3 камаз пияз жиналды. Бір камазды кәсіпкер өзі алды. Екінші камаз қарауыл болған жігіттерге берілді. Үшінші камаз ауылдағы жетім-жесірлерге таратылды», — дейді белгілі режиссер.

Отбасы
Қазір қазақ өнерінің жұлдызына айналған жас актер Тәуекел Мүсілім осы Сабыр Мүсілімұлының тұңғыш баласы.

Болмысы қандай болған?
«Өзі қап-қара шашы бұрқыраған, келісті келген, екі иығына екі кісі мінгендей ұзын бойлы еді. Сол кезде сәнге айналған ұзын етекті былғары қара плащ оны тіпті зорайтып көрсететін» (досы Қазыбек Исаның сұхбатынан)

«Тәуекел деген атымды әкем қойған. Тағдырдың жазуымен әке мен шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті. Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы мардымды ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім. Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін.

Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі «оқы, келер заман – білімділердің уақыты» дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы.

Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын.

Кейде өз ойымды жасырып, үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді. Бірақ ішімде бір қайсарлық бар екенін сеземін. Әкемнің көзін көрген жұрт «бұл –Сабырдың ұлы ғой, тектінің көзі» деп жатады. Әке атына лайық болсам деймін» (ұлы Тәуекелдің сұхбатынан)

Өмірінің соңы
Сабыр Мүслімұлының көптеген әрекеті заңға қайшы болды. Полициямен тіл табыса алмаған азаматқа 9 түрлі бап бойынша айып тағылғанымен, бірі дәлелденбейді.

Соңында көлігін тінту кезінде қолдан жасалған пышақ табылып, «суық қару сақтады» деген айыппен 3 жылға түрмеге қамалды.

Темір торда отырып, ауруға душар болған азамат, кейін босап шыққан соң ұзақ науқастан Алматы қаласында көз жұмды.

kaz.365info.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста