Телефонға қосымша орнатқан қарағандылық 11 миллион теңгесінен айырылды

Телефонға қосымша орнатқан қарағандылық 11 миллион теңгесінен айырылды

Қарағандыда тұратын ер адам алаяқтың құрбаны болып, 11 миллион теңгесінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап жазды.

"Мен шахтада жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта еңбек демалысында жүрмін.

Үйде отырғанымда белгісіз біреу қоңырау шалды. Телефонды алып едім, ар жағынан ер адам сөйлей бастады. Ол өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, менің жеке кабинетім бұзылғанын және алаяқты анықтау үшін менің көмегім қажет екенін айтты. Ол үшін ұялы телефонға екі бағдарламаны жүктеу керек.

Мен оның кеңесі бойынша осы бағдарламаларды орнаттым. Содан кейін банктің қауіпсіздік қызметкері менің барлық деректерімді нақтылау қажет екенін айтты.

Мен жеке куәлігімді, банк картасын суретке түсіріп, оған жібердім. Сосын ол маған алаяқты ұстап алу үшін мен несие алуым керектігін айтты. Қауіпсіздік қызметкері қазір маған банк менеджері қоңырау шалатынын ескертті.

Шынында да, екі-үш минуттан кейін әйел қоңырау шалып, менің деректерімді нақтылай бастады, содан кейін ол маған несие мақұлданбағанын айтты.

Банктің қауіпсіздік қызметкері тағы да қоңырау шалып, маған банк картасын ауыстыру керек дейді. Ол үшін ертең сағат 11.00-ге дейін айтылған банкке келіп, жаңа карта жасауым керектігін ескертті. Осымен әңгіме аяқталды.

Біраз уақыттан кейін мен ұялы телефонымның банк қосымшасын аштым. Қарасам еңбек демалысыма байланысты алған 600 мың теңгемнің жоғалып кеткенін байқадым.

Сондай-ақ менің атымнан 5 жыл мерзімге 6 миллион теңге несие рәсімдеген.

Өзім депозит ашқан басқа банктен тағы да 5 миллион теңге несие алған.

Мен алданғанымды түсініп, полицияға арыз жаздым, - деді жәбірленуші.

 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға қауіпсіздік қызметкерінен немесе банк менеджері қоңырау шалса, бұл өте күмәнді екенін ескертеді. Мұндай жағдайда бірден банкке немесе ішкі істер органының 102 нөміріне қоңырау шалу керек.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста