Томирис Байсафаның анасы қызының "жақын досы" сатқындық жасағанын айтты

Томирис Байсафаның анасы қызының "жақын досы" сатқындық жасағанын айтты

Өткен көктемде Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында достық пен сатқындық туралы жазба қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жаннаның сөзінше, оның қызының бала кезінен құрбысы болған. Олар бір мектепте оқымай, бір ауданда тұрмаса да, үнемі бірге жүрген.

"Қызым мен құрбысы әртүрлі елге кетіп, университетке оқуға түсті. Әрине, ол жақтан жаңа достар тапты", - деді Томиристің анасы.
Мәскеуде оқуда жүрген оның қызының жаңа құрбысы пайда болған. Артынша ол бастапқыда танысқандай емес, мүлдем басқа адам болып өзгеріп шыққан. Томиристің ескі құрбысы бұл қызға бірден сенімсіздікпен қарап, тіпті онымен танысудан бас тартқан.

"Қазір ол Томиристің жаңа құрбысының дос емес екендігін жүрегі сезгенін айтады. Томпиге де, өзіне де бұны қалай түсіндірерін білмеген", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, Жанна Ахметова Мәскеу университеті жатақханасының бөлмесінде Томириспен бірге тұрған жаңа құрбысының ерсі әрекеттері туралы айтты.

Әйел адамның сөзінше, олар өте жақын араласқан.

"Бәрімізден жақын болды. Үш жылдық оқу уақытында анамның үйінде өмір сүрді. Демалыста бізге келіп тұрды. Қолымыздан сыйлық алды... Анам Томпимен сөйлескен сайын, оның жағдайын да біліп тұратын. Алайда анамыз қайтыс болған кезде оның көңіл айтқанын ести алмадық", - деді Жанна.

Томирис қаза тапқанда, ол құрбысы аяқ астынан жоғалып кетті, тіпті жерлеу рәсіміне де келмеген. Одан бөлек Жаннаның айтуынша, ол тергеушілерге де ешқандай ақпарат беруге келмеген.

Әйел адам әлгі қыз әлеуметтік желіде Томиристі, оның барлық достарын және өзін блокқа қойып тастағанын жеткізді.

Сөз соңында Жанна адамдарға балаларының кіммен араласып жүргеніне мән беруге шақырды.

"Адамдар, өздеріңізді, балаларыңызды, жақындарыңыз бен достарыңызды қорғаңыздар. Оларды көзден таса етпеңіздер", - деп сөзін қорытындылады ол.

Еске сала кетсек, 21 жастағы Томирис Байсафа былтыр 13 сәуір күні Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап, кейін ауруханада көз жұмды.

Бойжеткеннің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Томирис Дағыстанның бұрынғы үкімет басшысы Мұхтар Меджидов Муртазалидің ұлына жауапсыз махаббатының салдарынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Зардап шегушімен бірге көрген ең соңғы адам да сол.

Алайда екі жақтың ата-аналары да қыз бен жігіттің бұрыннан кездесіп жүргенін, олардың бір-бірін сүйгенін айтады.

Мәскеу университеті аудиториясында не болғаны және қайғылы жағдайға кімнің кінәлі екенін тергеу әлі де анықтау үстінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста