Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды
Сырдария өзенінде суға батқан 11 адамның 8-нің денесі табылды. Олардың екеуі - ересек, алтауы жасөспірім, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қалған іздестіріліп жатқан 3 адамның да екеуі жасөспірім, біреуі кәмелет жасына толмағаны анықталды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзен жағасына демалуға барған 20 адамның барлығы - бір әулеттен тараған төрт отбасының мүшелері.
Олардың Отырар ауданына қарасты, Көксарай ауылының тұрғындары екені белгілі болды.
Іздеу шараларына 144 адам, 16 техника мен 6 жүзу құралы және 2 дрон жұмылдырылды.
Қайғылы жағдай кеше кешкісін Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған.
Марқұмдардың барлығы шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кеткен.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz