Түркістанда 4 күн бұрын жоғалған 11 жасар қыз құрбысымен бірге видеоға түсіп қалған

Түркістанда 4 күн бұрын жоғалған 11 жасар қыз құрбысымен бірге видеоға түсіп қалған

Түркістандық полицейлер 5 сынып оқушысын іздестіру бойынша жаңа ақпарат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Еске салсақ, ПБ-на жергілікті тұрғын арызданып, шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қызының үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген еді.

 

Әйелдің арызы бірден тіркеліп, ПД бастығының тікелей тапсырмасымен із-түссіз жоғалған қызды табуға жеке құрам жұмылдырылды.

 

Полиция бірнеше күннен бері, күндіз-түні Інжу Ескерместі іздеп жатыр. Көмекке қала тұрғындары, еріктілер, білім ошақтарының ұжымы қосылып, қызметтік иттер, дрондар қолданылды.

 

ЖБО-на қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

 

Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны анықталды.

 

Қазір полицейлер осы бағыт бойынша қайта жоспар құрып, іздеу жұмыстарына ТЖ қызметкерлерін шақырды.

 

Іздеу  жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста