Түркістандағы төбелес туралы ресми мәлімет шықты (видео)
Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында ер адам мен ауылдасы төбелесіп, желіде резонанс тудырды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше қазақтар мен өзбектер арасында қақтығыс орын алып, соңы төбелеске ұласқан.
Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше оқиға 21-шілде де сағат түнгі 01:00 шамасында болған.
Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары бойынша ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік туындаған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше көліктер келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, төбелес басталған.
Салдарынан жәбірленушінің 3 туысы және Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы жарақат алғаны анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдіктіні ұстады.
ВИДЕО: www.youtube.com/watch