Жер үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті – Алматы облысы

Жер үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті – Алматы облысы

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Бет-аузы мен денесін күйік шалған анасы мен баласы ауруханада жатыр. 42 жастағы әйелдің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

 

ДӘУЛЕТ ТАСТАНБЕКОВ, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

 

- Әйелдің мойны, бет, алу жолдары, аяққолы – 35 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, бүгін бөлімшеге ауыстырылды. Ал баланың аяғының төменгі жағы күйген.

 

Оқыс оқиға Тұздыбастау ауылындағы үйде болған. Екі қабатты коттедждің сырты бүтін болғанымен, іші бүлінген.

 

42 жастағы әйел үйдің жертөлесінде жұмысшыларға тамақ істемек болып, кенет газ баллоны лап етіп, баспананың астаң-кестеңін шығарған. Әйелдің бет-аузы түгел күйіп қалды.

 

Сол сәтте анасының жанында болған 22 жастағы жігіт те жарақат алды.

 

Бірақ жарылыс өртке ұласпаған.

 

Үй иесі сұхбат беруден бас тартып, тілшілерді ішке кіргізбеді. Жаңа салынған үйге газ тартылған. Бірақ келіншектің не себепті баллон қолданғаны әзірге белгісіз.

 

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

САМАТ КЕНЖЕХАН, Алматы облысы ТЖД басқарма бастығы:

 

- Жеке тұрғын үйде газ жарылғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Газ баллонын дұрыс пайдаланбаудан екі азамат зардап шекті. Оқиғаның мәнжайы мен себебі анықталып жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста