Жігітпен эротикалық би билеген бойжеткен желіні шулатты (виедо)
Желіде алматылық түнгі клубтардың бірінде ер адаммен эротикалық би билеп, соңында киімдерін бірінен соң бірін шешіп тастаған бойжеткеннің видеосы тарап кетті деп хабарлайды esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Instagram әлеуметтік желісіндегі esil.media паблигінде жария болған бейнежазбада түнгі клубта бір-бірімен жабысып билеп жүрген қазақ жігіті мен бойжеткенді көруге болады.
Қос жұпты маңайында қоршап тұрған бір топ қыздар мен жігіттер болса, «Жарайсыңдар!» деп, оларға қолдау көрсетіп тұрғаны аңғарылады.
Сондай-ақ, жазба авторы «ерекше бидің» мұнымен аяқталмайтынын жазған. Оның айтуынша, видеоның соңында, ару еш қымсынбастан, киімдерін бірінен соң бірін шешіп, соңында, тіпті, іш киімдерін де шешіп тастаған екен.
Аталған, бейнежазба жарияланған бетте, желі қолданушыларының қызу талқысына түскен. Олардың дені "Ұят", "Масқара" десе, енді бірі "Бәріне әлеуметтік желі кінәлі, түрлі ұятсыз видеолардың таралуына жол ашып отыр» деген пікір қалдырған. Олардың арасында, видеороликтегі нәзік жандыны атышулы Байзақоваға теңегендер де болды. "Бәріне Байзақова кінәлі", "Жалғыз Байзақова емес, ондайлар жетеді" деп жазды олар.