Жол бойында жанжалдасқан жүргізушілердің бірі тапанша алып шыққан

Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында көлік жүргізушілерінің сөзге келіспей қалған видеосы желіге тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Видео авторының айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірінде «тапанша» болған.
«Үшеуі де сау болған жоқ, олардың бірі рульде отырды. Біздің жолымызды кесіп, тоқтатып алды, сөйтіп жолдасыма жабылды. Біз Бостандық аудандық полиция басқармасына арыз жаздық», - деп жазылған поста.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 мамырда түнгі сағат 02.30-да болған.
«Toyota Alphard» маркалы көлікті жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Ұстау» жоспары бойынша ұстаған.
«Жол бойында екі көлік жүргізушісінің арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Олардың бірі тапанша көрсеткен, оның ойыншық екені анықталды. Оқиғаға қатысушылардың екеуі де арыз жазды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады полицияда.





