Айбек Кәленұлы Бегалин

Айбек Кәленұлы Бегалин

Айбек Кәленұлы Бегалин 1963 жылы 13 қыркүйекте Целиноград қаласында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем училищесін (1983); В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркем институтының графика факультетін (1989) тәмамдаған. Кескіндемеші-суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісін иеленген. ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті (2006 жылдан). Қытай Шығыс Халықаралық институтының құрметті профессоры (2007 жылдан).
Ш. Айтматовтың шығармаларына: «Ғасырдан да ұзақ күн», «Плаха» романдарына (2006); «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесіне (2004) иллюстрациялар циклының, «Аванта+» энциклопедиясына иллюстрациялардың авторы. Суретшінің картиналарымен «Воскресение» және «Машина времени» рок-топтарының DVD дискылар безендірілген (2004). Кескіндемедегі негізгі бағыттары - реализм, фантастикалық реализм, неомодерн. Философиялық және моральдық-этикалық өзекті мәселелерге арналған «бегалиграфия» техникасында графикалық сериялар, белгілі қазіргі авторлардың шығармаларына иллюстрациялар жасаған, тарихи және мифологиялық тақырыптарға картиналар жазады, тарихи және заманауи қайраткерлердің портреттерін салады. Туындылары КСРО Бүкілодақтық Көркемөнер академиясы диплом жұмыстарының көрмесінде (Мәскеу қ., 1989); И.Е. Репин атындағы Ленинград көркем академиялық институтының Бүкілодақтық академиялық еңбектер көрмесінде (Ленинград қаласы, 1987); 5 республикалық көрмеде (Алматы қаласы, 1989-1994); КСРО Ресей Көркемөнер академиясының көрмесінде (Мәскеу қаласы, 1992); Қарағанды қаласындағы сәулетшілер ғимаратында және көрме залында («Грааль» көрмесі, 1996), «Арт-Манеж-97» көрмесінде (Мәскеу қаласы, 1997); Ворпсведтегі (Германия, 1999); Қазіргі өнер мұражайындағы («Сарыарқа» көрмесі, Астана қаласы, 2001); Президенттің мәдениет орталығындағы («Болашаққа көзқарас» көрмесі, 2001) көрмелерде; Каирдағы (2002); Мәскеу қаласының Орталық суретшілер үйінде («Бонжур, Жеральдин!» көрмесі, 2003); Новосибирск қаласында («Қарағанды суретшілері» көрмесі, 2005); «Бәйтерек» кешенінде (2005), Чжень-Чжоу қаласында (ҚХР, 2007), ҚР Көркемөнер академиясының көрмесінде (Астана қаласы, 2009), Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған халықаралық симпозиуме-пленэрдегі көрмеде (Теміртау қаласы, 2010) және т.б. көрмелерде қойылған. ҚР Суретшілер одағының Көрме залында (1989, Қарағанды қаласы), Арт-галереяда (Қарағанды қаласы, 2002), Қарағанды облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында (2003); Президенттің мәдениет орталығында (Астана қ., 2004); Қытайдың Шығыс Халықаралық көркемсурет институтында (2007), Қарағанды қаласының Сәулетшілер үйінде («Қазақстан-Қытай» көрмесі, 2010) және т.б. жеке көрмелерін өткізген. Шығармалары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Астана қаласының Қазіргі өнер мұражайында, Қарағанды мұражайларында, «Жаңа ғақлия кемесі» Мәскеу мұражайында, Ватиканда, АҚШ-та, Германияда, Францияда, Жапонияда, Израильде, Англияда, Италияда, Кубада және т.б. елдерде қойылған. 1988 жылдың тамыз айынан - КСРО Көркемсурет қорының суретшісі (Қарағанды қаласы). 1989-2004 жылдары - ҚазКСР, ҚР Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымының сүретшісі. 2007 жылдың наурыз айынан сәуір айына дейін - Қытайдың Шығыс Халықаралық көркөмсурет институтында академиялық сурет және кескіндеме оқытушысы (Хэйнань шет аймағы, Чжень-Чжоу қаласы). Қазіргі уақытта - Қарағанды қаласы ҚР Суретшілер одағының суретшісі. КСРО (1990 жылдан), ҚР Суретшілер одағының мүшесі; ҚР Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымы басқармасының мүшесі (2001-2009). Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романына иллюстрациялар сериясы үшін РФ Көркемөнер академиясының дипломанты (1991). РФ (1992), ҚР (2008) Көркемөнер академиясының құрмет грамоталарымен марапатталған. Мәдениет қайраткері (2004).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста