Айсұлтан Әбділлаұлы Қалыбаев

Айсұлтан Әбділлаұлы Қалыбаев

Айсұлтан Әбділлаұлы Қалыбаев 1947 жылы 25 қаңтарда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай кентінде дүниеге келген. Ғалым, физика-математика ғылымының докторы (1989 ж.), профессор (1990 ж.). ҚазҰУ-дің түлегі (1969). 1971-1973 жылдары КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Математика институтында стажер-зерттеуші, 1973-1976 жылдары Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтында аспирант, 1976-1986 жылдары Қазақстан ҒА-ның Сейсмология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1986-1990 жылдары Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер. 1991-1992 жылдары Қазақстан ҒА-ның Механика және машинатану институты директорының орынбасары, сонымен қатар «Жер қойнауы» ғылыми-инжинерлік орталықтың бас директоры. 1992-1994 жылдары 1994-1998 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық аэроғарыштық агенттігі бас директорының орынбасары, бас директоры. 1999 жылдан Қазақстан – Ресей “Индустриалдық технология” ғылыми өндірістік бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы. Ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыты – аспан механикасы және ғарышқа ұшу динамикасы. Ол Жер полюсінің ғасырлық қозғалысын зерттеді. 1977 жылы Қазақстан жастары комсомол сыйлығының иегері атанды. Оның «Жер айналысының жалпы теориясы» атты еңбегі (М., 1984; Ж.С. Ержановпен бірге) Халықаралық астрономдар одағының шешімімен (Лондон, 1987) барлық астрономиялық бақылау түріне (жерден, мұхиттан және ғарыштан) редукциялық түзетулер енгізудің Халықаралық стандарты болып қабылданды. Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану бағытындағы зерттеу жұмыстары үшін С.П. Королев атындағы алтын медальмен (1996) марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста