Арасанбай Естен

Арасанбай Естен

 Арасанбай Естен 1953 жылы 18 желтоқсанда Құлжа қаласында дүниеге келген. 1956 жылы атамекені – Қазақстанға оралады. 1970 жылы Арасан орта мектебін бітіргеннен кейін ұжымшарда құрылысшы, аудандық газетте корректордың көмекшісі болып жұмыс істейді. 1980 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде аудармашы, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор қызметтерін атқарған. 2002 жылдан «Баянжүрек» баспасының директоры.
Алғашқы повесі «Шырғалаң» 1982 жылы «Таң нұры» атты ұжымдық жинақта («Жалын») жарық көрген. Республикалық «Жалын» баспасы өткізген жабық бәйгелердің үш мәрте (1977, 1986, 1995), «Астана – Бәйтерек», Халықаралық «Дарабоз» конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. «Наурыз тойы», «Үйлену тойы», «Жігіттің үш жұрты» жинақтарын құрастырған.
Шығармалары: Ауыл таңы. Повесть және әңгімелер. А., «Жалын», 1985; Баянжүрек баурайында. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1987; Тасжарған ерте көктейді. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1991; Айжаңғырық. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996; Әліппемен қоштасу. Өлең, жұмбақ, жаңылтпаштар. А., «Рауан», 1997; Мектептегі мейрамдар. Сценарийлер. А., РБК, 2000; «Жансауға». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2002; Жеті сан киелі. Өлеңдер. «Олжас», 2003; Періштелер патшалығы. Әңгімелер мен повестер. «Баянжүрек», 2009.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста