Арман Оразбайұлы Қырықбаев

Арман Оразбайұлы Қырықбаев

 Арман Оразбайұлы Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында (қазіргі - Астана қаласы) дүниеге келген. 1992 жылы Жезқазған облысы, Приозерск ауданының Шашубай кентінде (қазіргі - Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы) №7 мектепті бітірді. 1992-1996 жылдары Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университетінде «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша оқыды. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД және Балтия елдері басқармасының референті ретінде бастады. 1997 жылғы сәуір-мамыр айларында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінде атташе болып қызмет атқарды. 1997 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігіне атташе ретінде тағайындалды. 1999 жылдың наурыз айынан 2000 жылдың шілде айына дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің үшінші хатшысы қызметін атқарды. 2000 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына оқуға түсіп, оны тәмамдағаннан кейін ТМД Комитетінің Орта Азия және Закавказья бөлімінде Екінші хатшы болып қызмет етті. 2002 жылғы қазаннан бастап «Корпорация «АВЕ» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, кейін Корпоративтік даму департаментінің директоры. 2004 жылғы қарашадан 2005 жылғы наурызға дейін «К-МАРТ» ЖШС бас директоры міндетін бірлесе атқарды. 2005 жылғы наурыз-мамырда Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005 жылғы мамырдан 2006 жылғы сәуірге дейін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорының директоры қызметтерінде болды. 2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыстар департаментінің директоры, ал 2008 жылғы ақпаннан бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпана дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста