Әуезхан Қодар

Әуезхан Қодар

Әуезхан Қодар 1958 жылы 12 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы совхозында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982–1985 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, заңгер. 1985 жылдан бастап туындылары республикалық және одақтық баспасөзде жариялана бастады. 1986 жылы республикалық шығармашылық жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты.
1989–1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакциялық Бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1994 жылдан бері Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1995–1997 жылдары М.О.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының көркемдік кеңесінің мүшесі. 1997–1998 жылдары Неміс театр академиясында философия тарихынан сабақ береді. 1999 жылдан бері «Тамыр» журналының бас редакторы. 1999–2001 жылдары Сорос–Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. Философия ғылымдарының кандидаты.
Қазақ және орыс тілінде жазады. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Атилла» драмасын, М.Хайдеггер мен Х.Гасеттің философиялық жұмыстарын, К.Швиттерстің өлеңдерін аударған. «Батыс философиясы антологиясының» авторы және ұйымдастырушысы. «Астана» медалімен марапатталған (1998). «Парасат» орденінің иегері (2006).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста