Ерлан Мұхтарұлы Арын

Ерлан Мұхтарұлы Арын

Ерлан Мұхтарұлы Арын 1961 жылы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философиялық-экономика факультетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясын академигі.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында стажер - зерттеуші қызметінен бастады. 1985-1992 жылдары - Қазақ КСРО Ғылым академиясының Экономика институтының аспиранты, ғылым қызметкері, ғылыми хатшысы, докторанты. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының Cтратегиялық зерттеу орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Cтратегиялық зерттеу орталығы директорының бірінші орынбасары. 1994 жылы экономика ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Ұлттық экономиканың экспорттық бағдары (Қазақстан Республикасы материалдары бойынша)» тақырыбында диссертация қорғады. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтаудың вице-министрі, 1999 жылғы наурыздан 1999 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорттың бірінші вице-министрі, 1999 жылғы қарашадан 2001 жылғы ақпан аралығында - Қазақстан Республикасы Білім және ғылымның бірінші вице-министрі. 2001 жылғы ақпаннан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен марапатталған, Павлодар облысы мен Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.
250-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде энциклопедия, монография, сөздіктер мен анықтамалықтардың, шетелдік баспаларда жарияланған мақалалардың авторы. Басты ғылыми еңбектері өтпелі қоғамның саяси және экономикалық даму мәселелерін зерттеуге арналған. Ғылыми мамандандыру экономика ашықтылығы теориясын әзірлеу, өтпелі экономиканы жаһандандыру, макроэкономикалық тұрақтандыру және нарықтық экономиканы әлеуметтік бейімдеумен байланысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста