Ерлан Жұмайұлы Тасыров

Ерлан Жұмайұлы Тасыров

 Ерлан Жұмайұлы Тасыров 1958 жылы 8 қарашада Алматы облысы, Таушелек ауылында дүниеге келген. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің құқықтану факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Еңбек жолын Өскемен қаласының Ішкі Істер Басқармасының Үлбі ауданының қылмыстық іздеу бөлімінің оперативтік уәкілі қызметінен бастады. Күрті ауданының РСХУ заң кеңесшісі қызметін атқарды. Орал қаласындағы Промышленный аудандық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеуші лауазымдарында қызмет атқарған. Орал облысының Халықтық Депутаттар Кеңесінің 29 мамыр 1987 жылғы №1-20 шешімімен Орал облысы сотының қылмыстық алқа мүшесі болып тағайындалды. Орал облысының Халықтық Депутаттар Кеңесінің 20 наурыз 1991 жылғы №2085-12 сессиясының шешімімен Орал қаласының қалалық халық сотының судьясы болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 8 сәуір 1993 жылғы №4750 Жарлығымен Алматы гарнизоны әскери сотының төраға орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 15 қараша 1996 жылғы №3220 Жарлығымен Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы лауазымына тағайындалды. «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарының төрағаларын, сот учаскелерінің аға судьяларын және судьяларын қызметке тағайындау, кейбір аудандық (қалалық) соттарының төрағалары мен судьяларын қызметтерінен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі №3889 Жарлығымен Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 26 тамыз 2002 жылғы №927 Жарлығымен Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 21 қыркүйек 2007 жылғы №412 Жарлығымен Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы лауазымына екінші рет сайланды. Қазақстан Республикасы Президентінің «21» наурыз 2009 жылғы №770 Жарлығымен Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «02» қыркүйек 2013 жылғы №628 Жарлығымен Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы лауазымда қызмет атқарады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста