Ләззат Кетебайұлы Қиынов

Ләззат Кетебайұлы Қиынов

 Ләззат Кетебайұлы Қиынов 1949 жылы 7 желтоқсанда Маңғыстау облысы Таушық ауылында дүниеге келген. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері. Техника ғылымының докторы (1994). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Батыс Қазақстан кен орындары жағдайында мұнай өндірудің энергия сақтаушы технологиясы». Халықаралық академияның академигі.
1977-1979 жылдары партияның Маңғышылақ облыстық комитетінде өнеркәсіп-көліктік бөлімінде инструктор болып жұмыс істеді. 1979 жылы «Мангышлакнефтепромхим» аумақтық-өндірістік басқармасында бас инженер болып жұмыс істеді. 1982 жылы Қаражанбас қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша басқарманың басшысы және «Каражанбастермнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1987 жылы «Комсомольскнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1992 жылы «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді. 1993-1995 жылдары Маңғыстау облысы әкімшілігінің басшысы болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары болды. 1997 жылы Каспий құбыры консорциумында Бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1999-2002 жылдарында Маңғыстау облысының әкімі. 2002 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Президенті. 2003 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице министрі болып жұмыс істеді. 2011-2013 жылдары «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2013 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста