Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов

Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов

 Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов 1960 жылы 10 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1984 жылы Мәскеу Ленин орденді мемлекеттік медицина институтын «дәрігер - емдеуші» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында «хирургия» мамандығы бойынша білім алған. 2008 жылы «Қайнар» Университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Медицина ғылымының докторы, профессор.
Еңбек жолын 1983 жылы Мәскеу қаласындағы 1-қалалық ауруханасының урология бөлімшесінде мейіргер қызметінен бастаған. 1984-1988 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Алға аудандық ауруханасында хирург-ординатор болып жұмыс атқарды. 1991-1992 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Алға аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 1993-2000 жылдар аралығында А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері. 2000-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігінің хирургиялық көмек бөлімінің бастығы. 2001-2007 жылдар аралығында Семей мемлекеттік медицина академиясының ректоры. 2008-2009 жылдар аралығында Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының бас директоры. 2009-2011 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры. 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры болды. 2013 жылы желтоқсанда Қызылорда облыстық медицина орталығының басшысы болып тағайындалды.
146 ғылыми басылымның, 23 жаңа әдістің авторы. Жоғары білікті дәрігер-хирург. 2003 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2003-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысының облыстық мәслихатының ІІІ шақырылым депутаты болған.
«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы қызметі үшін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кеуде белгісімен, «Қазақстан конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста