Нәубат Қалиұлы Қалиев

Нәубат Қалиұлы Қалиев

Нәубат Қалиұлы Қалиев 1945 жылы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын (қазіргі Семей мемлекеттік педагогикалық институты) тәмамдаған. Саяси ғылымның докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің политология кафедрасының профессоры, Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім саласының құрметті қызметкері.
1966-1972 жылдары - Абай аудандық орта мектептің мұғалімі, ҚЛКЖО комитетінің бірінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1972-1973 жылдары - Семей педагогикалық институтының аға оқытушысы. 1973-1976 жылдары - Қазақ педагогикалық институтының аспиранты. 1976-1986 жылдары - Семей педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі. 1986-1991 жылдары - Семей облыстық партия комитеті лекторлар тобының жетекшісі. 1991-1992 жылдары - Семей педагогикалық институтының доценті. 1992-1996 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің директоры. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің мүшесі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бөлімінің бастығы, басқармасының бастығы. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппараттының Бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс жөніндегі бөлімінің консультанты. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің консультанты, бас консультанты қызметтерін атқарған. 2004 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің бас сарапшысы. 2008 жылдың сәуірінен - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің политология кафедрасының профессоры қызметтерін атқарады.
60 ғылыми еңбектің және саясат жүйесінің проблемалары, демократия, парламент, саясат партияларының қызметі жөніндегі екі кітаптың авторы. «Қазақстан парламентаризмі: саяси талдау» атты ғылыми монографияның авторы.
«Астана» (1998) естелік медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста