Ниязбек Әмірдинұлы Құрбанов

Ниязбек Әмірдинұлы Құрбанов

 Ниязбек Әмірдинұлы Құрбанов 1966 жылы 24 қазанда дүниеге келген. 1989 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Геология және мұнай және газ кенорындарын барлау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мұнай-газ саласында жиырма жыл жұмыс істеді. 1989 жылы институтты аяқтаған сон ұңғыманы сынау және игеру бойынша Ленгер мұнайбарлау (ЛМБЭҰЗ) экспедициясында, «Оңтүстік-мұнайгаз» ӨБ ұңғыманы зерттеу бойынша оператор, телім геологы, ұңғыманы сынау бойынша шебер болып жұмыс жасады. 1995 жылдан бастап «ҚазКөлікОйл» ЗАО Қазақстанның құбыр жүйесі бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінжеткізу графигін орындаумен қамтамасыз ету бойынша диспетчер қызметінің бас диспетчері болып жұмыс істеді. 1997 жылы «Арал Петролеум» ОАО геологиялық қызметінің бас геологы лауазымына кірісті. Қазақстан Республикасының көмірсутек кенорындарын барлау мен қазымдау бойынша жобаларды сараптау тобын басқарған, «Мұнайсистем Холдинг» ОАО 2000 жылдан бастап бас геологы болды. 2002 жылы «Фирма Ада Ойл» вице-президент лауазымына тағайындалды. 2008 жылы Қ.И.Сәтпав атындағы ҚазҰТУ-да техника ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертациясын қорғады. Қазақстан Республикасының Жер қойнауын Барлауда Үздік атты белгіні иеленді. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Башекөл кенорнын бірінші ашушысы (2006).
ҚР жер қойнауын үздік барлаушысы (2008). ҚР жер қойнауын құрметті барлаушысы (2010).
2008 жылдан бастап геология және жер қойнауын пайдалану Комитетіндегі, Ақтөбе қаласының Батыс Қазақстан ауданаралық өлкелік геология және жер қойнауын пайдалану Департаментіндегі («Батысқазжерқойнауы» АӨД), жер қойнауын пайдалану бойынша Департамент басшысының орынбасары. 2010 жылдан Алматы қаласында ҚР «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД геология бойынша Департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлі геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ИЖТМ геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста