Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев

Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев

 Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев 1947 жылы 20 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ политехника институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Атырау (қазіргі Маңғыстау) облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған. 1973-1977 жылдары "Маңғышлақмұнай" бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері. 1977 - 1992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, "Ембімұнай", "Ақтөбемұнай" бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін "Шеврон" компаниясында жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды. 1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрі қызметін атқарды. 1999 жылдан "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі. 2002 жылдан - «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті. 2007 жылдан -ҚР Президентінің кеңесшісі, Қазақстанның Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2009 жылдан бастап «ҚазМұнайГаздың» салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» бас директоры.
Балғымбаев - еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға. Үкімет басшысы ретінде әлеуметтік саладағы реформаторлығымен, отандық тауар өндірушілерге мүмкіндігінше қолдау көрсету бағытын ұстанымымен ерекшеленді. ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған (1999).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста