Қайрат Жолдыбайұлы Мәмбетбаев

Қайрат Жолдыбайұлы Мәмбетбаев

Қайрат Жолдыбайұлы Мәмбетбаев 1978 жылы 14 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Темірлік ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепті Темірлік ауылында оқыды. Алтыншы сыныптан бастап тоғызыншы сыныпқа дейін Алматы қаласындағы №4 мектеп интернатында білім алды. 1993 жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен Түркия республикасының Стамбул қаласында «Құран сауат ашу» курсында 1 жыл оқып қайтты. 1994 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Мысыр араб республикасына діни білімін тереңдетуге жіберілді. Мысырда Әл-Азхар университетінің әуелі «Сәнауи» институын, сосын «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдап 2001 жылы елге оралды. 2001-2004 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінде ұстаз болып жұмыс істеді. 2003-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Дінтану бойынша магистратурасын тәмамдады. 2005-2006 жылдар аралығында имамдардың білімін жетілдіру иниститутында ұстаз қызметін атқарумен қатар «Алтын қалам» баспасында бас редактор болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Үгіт-насихат және интернетппен жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2009-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның аппарат басшысы қызметін атқарды. 2011-2013 жылдары Қайрат Жолдыбайұлы Астана қаласындағы Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы. 2011 жылдың 23 желтоқсаны күні Қайрат Жолдыбайұлы Бас муфтидің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Ислам ғылымхалы», «Ақиқат шуағы», «Күдікпен күрес», «Дін мен діл», «Имани гүлі» еңбектерінің авторы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста