Қаланова Шолпан Мұртазақызы
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті, п.ғ.д., профессор, Аккредиттеу Кеңесінің хатшысы.
Білімі:Қазақ химия-технологиялық институтының үздік түлегі,(1971 ж.), инженер-химик-технолог.Қазақ Ғылым Академиясының органикалық катализ және электрохимия институтын аспирантурасы (1973-1976 жж.) .
Шетелдік тағылымдамалар: Гумбольдт атындағы университет (Берлин қ., 1978-1979 оқу жылы), Блумингтондағы Индиана университеті (2001 ж.),Оңтүстік Кореядағы KOICA Агенттігі (2002 ж.).
Ғылыми дәрежелері мен атақтары: химия ғылымдарының кандидаты (1977 ж.), доцент (1984 ж.), педагогика ғылымдарның докторы (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, 1999 ж.), диссертация тақырыбы: «Жоғары кәсіптік білім жүйесіндегі персонификациялауының ақпараттық технологиялар», ЖАК профессоры (2001 ж.).
Жұмыс тәжірибесі:Қарағанды мемекеттік университеті (1976-1982 жж.), Центрсоюз Қарағанды кооперативті институты (1982-1992 жж.) – аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі.
Оқу жұмысы бойынша проректор: Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты, Жамбыл мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1992-2001 жж.).
Мемлекеттік инспекциялау және мониторинг департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары (2001 - 2006 жж.)
ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры (2006 – 2008 жж.).
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті(2008 – 2009 жж.).
ҚР Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2009 – 2011 жж.).
ҚР БҒМ «Ақпаратты-талдаулық орталағы» АҚ президенті (2011-2013 жж.).
Қоғамдық жұмыс:ТМД және Балтия елдерінің Еуразиялық білім беру сапасын қамтамасыздандыру желісінің Президенті (2004-2008 жж.), ТМД елдерінің білім беру қоғамдық кеңесінің мүшесі (2002-2010 жж.),«Білім беру сапасы және академиялық рейтинг бойынша халықаралық обсерваториясы - IREQ» халықаралық ассоциациясы атқарушы кеңесінің мүшесі (2009 –қазіргі күнге дейін).
Қаланова Ш.М. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы(2011 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»әзірлеуге белсенді қатысты(2010 ж.). Ш.М. Қаланованың басшылығымен УЭЫДҰ-мен бірлесіп Қазақстанның білім беру жүйесінің шолуы жасалынды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.ҚР оқу озаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі.
3 монография, 4 оқу құралдары мен 150 ғылыми және әдістемелік мақалалардың авторы және бірлескен авторы.