Қожалымов Зиядан
Қожалымов Зиядан 1944 жылы шілденің 1-інде дүниеге келді, халық емшісі, тылсым дүниені зерттеуші парапсихолог-ғалым, «Экология» халықаралық академиясының, М.Нострадамус атындағы Проскопиялық ғылым халықаралық академиясының (Париж), Бүкіләлемдік дәстүрлі және халық емшілері академиясының (Мәскеу) академигі, Алматы облысы Райымбек ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының құрметті халық емшісі
Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1969-1991 жылдары Нарынқол ауданында, Қазақ КСР Энергетика министрлігінде инженер-энергетик мамандығы бойынша істеген. 1991 жылдан Қазақстан халық емшілері қауым-дастығының президенті, әрі Республикалық ғылыми-тәжірибелік халық медицинасы орта-лығы бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарады.
З.Қожалымовтың халық емшілігі жөніндегі «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты нұр ордасы», «Көк тәңірі жүр жебеп», «Адам - Құран шежіресі», «Ғарыш - табиғат» атты кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ «Халық емі», «Шипагерлік баян» атты арнаулы газет-тер шығаруға басшылық жасайды.