Рахман Алшанұлы Алшанов

Рахман Алшанұлы Алшанов

Рахман Алшанұлы Алшанов 1947 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік аулында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң мектепте мұғалім болып жұмыс істеп, сонан соң Шу қант заводында еңбек етті. Армия қатарында зенит-ракета әскери бөлімінде әскери борышын өтеді, армиядан кейін Көктерек рабкопында жұмыс жасады. 1969-1974 жылдары С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің саяси экономика бөліміне оқуға түсті. Үздік оқып қана қоймай үлкен қоғамдық жұмыстармен айналысты. Студенттік құрылыс отрядтарын басқарды. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының академигі.
1973-1984 жылдары комсомол комитетінің хатшысы ҚазМУ-дың саяси экономика кафедрасының әрі ассистенті, аға оқытушы, доценті қызметтерін қатар алып жүрді. Жастар арасындағы және көптеген қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушы болды. Құрмет грамоталарымен, «За освоение целинных и залежных земель» медалімен, ССР Қазақ Жоғары Кеңесінің Грамотасымен, «Ұлттар Достығы» орденімен марапатталды. Аудан, қала, облыс және Орталық комитет комсомолына сайланды, аудан кеңесінің депутаты және атқарушы комитеттің мүшесі болды.
1986-1987 жылдары ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы болды. 1988-1992 жылдары Республикалық мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық одағының президенті болып сайланды. 1992 жылы бүгінгі таңда он бес мыңнан астам жоғары білікті маман дайындап шығарған, Республикамыздағы алғашқы жекеменшік «Тұран» университетін құрды. Бүгінгі таңда оқу орны екі университеттен құралған (Алматы және Астана) екі колледж (Алматы және Астана), лицей «Тұран» (Алматы), үш ғылыми-зерттеу институты, «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешені, «Тұран-Профи» Халықаралық Академиясы, бакалавриат-магистратура, докторантурасы бар үлкен «Тұран» корпорациясына айналған. Корпорация президенті болып бірауыздан Р.А.Алшанов тағайындалды. Ал 2002 жылдың февраль айынан бастап ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті болып қызмет етіп келеді. Сонымен қатар ол аса маңызды сала болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциялық жұмыстарына, ондағы бәсекелестікті арттыруға белсенді ат салысып келеді. «КазРЕНА» Қазақстан ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының президенті.
Рахман Алшанов ғылыми-педагогикалық жұмыстармен де белсенді айналысты. 1981 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ да кандидаттық диссертациясын және 1992 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде докторлық диссетациясын сәтті қорғады. Ол 200-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың, бірнеше сараптамалық монографиялардың авторы. Оның «Казахстан на мировом минерально-сырьевом рынке» (Алматы, 2005г.) және «Казахстан на мировом аграрном рынке» (Алматы, 2006-2010 ж.) атты еңбектері ҚР түрлі министрліктердің қызметкерлері арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Ол 30 кандидаттық, 4 докторлық диссертацияның қорғалуына жетекшілік еткен.
Рахман Алшанов бірнеше қоғамдық Академия мен сайлау органдарының мүшесі, Ұлттық және халықаралық инженерлік Академияның, жаратылыстану ғылымдары Академиясының, Еуразиялық экономикалық Академияның, Халықаралық қоғамдық туризм Академиясының президенті және Білім және ғылым министрлігі коллегиясының, ҚР Үкімет жанындағы Республикалық Кеңестер мен комиссиялардың, инновациялық қордың жанындағы талдау кеңесінің мүшесі сондай-ақ, ҚР премьер министрлік ішілік Кеңестің экономика саласы бойынша кеңесшісі.
«Мәдениет», «Білім және ғылым беру туралы» заңдардың жобасына, Еңбек және Салық кодекстерінің жобаларын талқылауға белсенді қатысты. Бірнеше экономикалық қоғамдық журналдардың редколегия мүшесі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста