Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев

Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев

Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев 1950 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. 

1972 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады. Тау-кен инженері-геофизик, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының және Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академияның академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан геофизиктері қоғамының президенті, Халықаралық геофизиктер-мұнайшылар Қауымдастығының мүшесі, «Казгео» Қазақстан геологтар коғамының президенті.
1972-1979 жылдары «Қазгеофизика» геофизикалық жұмыстар жөніндегі Қазақ өндірістік геологиялық бірлестігінің Іле геофизикалық экспедициясының инженер-геофизигі, аға геофизигі, далалық партиясының бас инженері; 1979-1986 жылдары «Қазгеофизика» ӨГБ Алматы геофизикалық экспедициясының далалық партиясының бастығы, бас геофизигі, бас инженері. 1986-1992 жылдары «Қазгеофизика» ӨГБ Алматы геофизикалық экспедициясының бас геофизигі, бастығы.
1986 жылы Қазақ политехникалық институтының Алматы геофизикалық экспедициясы жанындағы кафедрасының филиалын ашып, басқарады. 1992-1993 жылдары Қазақстан жер қойнауын қорғау және геология министрінің бірінші орынбасары болады. 1993 жылы оның жетекшілігімен «Геология мен геофизиканың қазіргі кездегі мәселелері» ғылыми орталығын құрады, «Нарықтық экономика жағдайларында жер қойнауын пайдалану жүйелерін реттеу мен басқару тұжырымдамасының» авторы мен әзірлеушісі (желтоқсан, 1993 жыл).
1993-1997 жылдары Қазақстан Республикасы жер қойнауын қорғау және геология министрі;
1997 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және табиғи ресурстар вице-министрі; Жер қойнауы гсологиясы, қорғау және пайдалану жөніндегі комитеттің төрағасы; 
1997 жылдан экология және табиғи ресурстар министрі;
2001-2002 жылдары Атырау облысының әкімі; 
2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті.
2002 жылдан бері Геологиялық ғылымдар институтының директоры. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 55 басылымы, оның ішінде 7 монографиясы бар.
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста