Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов
Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов 1961 жылы 26 қаңтарда Жамбыл облысы Мерке ауданында дүниеге келген. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Халықаралық еңбек академиясын тәмамдаған 1993-1998 жылдары - «Астана-банк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті. 1998-2002 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты. 2002-2004 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы. 2004-2006 жылдары - « Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2010 жылдары - Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.