Табылдиев Көктембек Өкімбекұлы
Табылдиев Көктембек Өкімбекұлы 1965 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында дүниеге келді. Қазақ химия-технологиялық институтын, Шымкент университетін бітірген. 2003 пен 2006 жылдар аралығында Кентау қаласы әкімінің орынбасары; 2006 - 2007 жылдары - Шымкенттің Абай ауданының әкімі; 2007 - 2008 жылдары - ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментті бастығының орынбасары болған. 2008 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі болып тағайындалған, одан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы.