Таңатар Қоңырұлы Нұралы
Таңатар Қоңырұлы Нұралы 1938 жылы дүниеге келген. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі , ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері.
Орал облысы Теректі ауданының Ұзынкөл кентінде туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін оркестр әртісі, оқытушы мамандығы бойынша; Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтты концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. «Музыкалық шығармаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқамалар» (1984), «Гобойға арналған гаммаларды зерттеу бойынша көмекші құрал» (1991), «Гобойға арналған таяқшаларды жасау бойынша нүсқаулық» (1994), «Балалар музыкалық мектебінде гобойда ойнаудың бастапқы сабақтары» (1994), «Портреттерге штрихтар» (2008) кітаптарының авторы. 1959 жылдан - Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі. 1967 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы. «Жұмыстағы үздік табыстары үшін» белгісімен марапатталған.