Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова

Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова

 Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова 1945 жылы 18 қарашада Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Қарағанды музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін бітірген. Әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы.
Еңбек жолын Қазақтың опера және балет театрында әнші болып бастаған. 1972-1999 жылдары - Абай атындағы Қазақтың опера және балет театрының әншісі болған. 1977-1978 жылдары Болгария астанасы Софияның мемлекеттік халықтық опера театрында тағлымдамадан өтіп, әншілік өнерін шыңдаған. 1999 жылдан Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әншісі. Ол негізінен қазақ композиторлары мен шет ел классиктерінің операларында басты арияларды орындады. Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Алпамыс» операларындағы Қамар мен Қаракөздің, Ғ.Жұбанованың «Еңлік - Кебек» операсында Еңліктің, С.Мұхамеджановтың «Ақан сері - Ақтоқты» операсында Ақтоқтының, т.б. бейнелерін сомдады. Ол сондай-ақ шет ел және орыс композиторларының қазақ сахнасында қойылған операларының арияларын орындады. 1975-1980 жылдары Чехославакия, Польша, Румыния, Португалия, Финляндия, Үндістанда өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнері университетінде сабақ береді.
«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл», Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста