Жанат Әскербекқызы

Жанат Әскербекқызы

Жанат Әскербекқызы 1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазакстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Ақын, филология ғылымдарының докторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1982-1987 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазак мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1987-1995 жылдары Шығыс Қазакстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте мүғалім болып қызмет атқарды. 1995-2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы болды. 1999 жылы ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен "Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі" атты тақырыпта кандидаттық диссертация, ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалидың кеңесшілігімен «Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істеп келеді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық «АҚҚҰС» жыр мүшәйрасының (1993) жүлдесін алған. Шығармашыл жастардың республикалық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдегері (1999), Президент стипендиясының иегері (1999), Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының (2001), Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген мүшәйраның жүлдегері (2001), Қазақстан аграрлық партиясы тағайындаған Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері (2010, 2011). ҚР БҒжМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Күлтегін» төс белгісінің иегері.
1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғұмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуені» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сайгёнің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген.
Ғылыми еңбектер: «Даңғыл». Ғылыми зерттеу. Алматы, 2007; «Көркемдік өріс». Ғылыми зерттеу. Алматы, 2009; «Мифтің поэтикадағы қызметі». Монография. Алматы, 2010; «Әдебиет әлемінде». әдеби зерттеулер. Астана 2012;

1993 жылы ұйымдастырылған республикалық «Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері. 2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының үшінші жүлдесін иемденді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде «Көктүріктер әуені» өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алды. Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста