«18 жас әскери борышты өтеу үшін тым ерте» деген пікірмен келісесіз бе?

«18 жас әскери борышты өтеу үшін тым ерте» деген пікірмен келісесіз бе?

Әскери борышын өтеу – әрбір ер-азаматтың Отан алдындағы ең үлкен парыздарының бірі. Әскери өмір ер-жігітті патриоттыққа тәрбиелеп, жас күнінен бастап халық алдындағы міндетін сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл – айнымас пікір. Дегенмен соңғы уақыттарда қоғам ішінде әскерге 18 жастан бастап қабылдау ерте деген пікірлер айтылып жүр. Бұл пікір көңілге қаншалықты қонымды. Осы жайлы ел таныған азаматтарымыз не дейді екен? Сонымен 18 жастан бастап әскери борышын өтеуге өрендеріміз дайын емес деген пікір дұрыс па?

Майра Мырзахметова, Адам және жануарлар физиологиясы институтының профессоры:

Иә

– Менің ойымша, баланы 18 жастан бастап әскерге беріп, оның обалына қалып жүрміз. Неге? Себебі әскерде бала бұғанасы бекімей, ақыл-ойы толық толыспай жатып түрлі жағдайларды көреді. Мәселен, әскерде оларды өздерінен бұрын барғандар ұрып-соғады, неше түрлі әлімжеттік әрекеттер жасайды. Оның үстіне оларды офицерлер апарып, түрлі ауыр жұмыстарға салады. Осының барлығы жас баланың мінезіне, денсаулығына теріс әсер етеді. Әскерге барып жүрген балаларды көріп жүрміз ғой. Өте әлсіз, күштері де шамалы. Бойлары сорайып ұзын болғанымен, күш жағына келгенде, әлсіздік танытып жатады. Әсіресе біздің қазақтың қарадомалақтары дене бітімі жағынан өте кішкентай. Ал біз оларды әскерге апарып, жанын қинап қоямыз. Мұны мен олардың тек күш, бой жағына қарап айтып отырғаным жоқ, биологиялық өсу тұрғысынан да қарастырып отырмын.

Себебі 18 бен 19 оның балалық шақтан ер-азамат жасына өтетін уақыты. Ал бұл кезеңде оларға ауырлық келтіруге болмайды. Осы жаста әскерге беру арқылы жоғарыда айтқандай, олардың мінез-құлқына, денсаулығына зиян тигізіп алуымыз мүмкін. Америка Құрама Штаттарында азаматтар әскерге келісімшарт арқылы барады. Неге біз осы жүйені өзімізге енгізбейміз? Көп нәрсені АҚШ-тан алғанда, осы жағына неге көңіл бөлмейміз? Егер келісімшарт болатын болса, ерлеріміз кез келген уақытта әскерге барып қызмет ете алады. Мәселен, 26-дағы жігіттер әскерге барса, несі жаман. Олардың бұл уақытта күштері толысып, ақылдары толық кіреді емес пе? Тіпті ақша тауып, отбасын асырауына да мүмкіндік туады. Қазір өздеріңіз көріп жүрсіздер, қаншама ер-азаматтарымыз базарларда жүк көтеріп, арба сүйреп немесе жол сыпырып жүр. Былай қарап тұрсаң, тепсе темір үзетін жігіттер. Қаншама жігіттеріміз араққа салынып, көшеде қайыр тілеп жүр. Ал оларды әскерге ешкім шақырмайды. әскерге баратын болса, солар қандай азамат болар еді, Қатал тәртіпті көріп, Отанға қызмет етсе, олар кімнен кем. Қайта елімізде жұмыссыздар азайып, қаңғыбастардың саны кемитін еді. Оның үстіне отбасының екіге бөлінуі сынды жағдайлар аз болады. Ал біз 18 жастағы баланы апарып әскери қатал тәртіпке көндіріп қоямыз. Кейде сабағын жақсы оқитын бала әскерге барып басынан зақым алып келіп жатады. Осы уақытқа дейін әскери өмірге көндіге алмай, өз-өзіне қол жұмсаған талай боздақ туралы естіп жатырмыз. Олардың ішінде ғылымға құштарлығы бар талай бала болған шығар. Біз білмейміз ғой. Осының бәрі нені көрсетеді? Бұл әскер туралы, бала өмірі мен болашағы жайлы тағы бір ойланып көру қажеттігін аңғартады. Кейбіреулер бұл туралы айтсақ, «біздің ата-бабаларымыз он үш жасында Отан қорғаған, 18 жас не, тәйірі» деп шапшып шығады. Бірақ ол заман мен бүгінгі қоғамды, ол уақыттағы жігіттер мен бүгінгі азаматтарды салыстыра алмайсың ғой. Бұрынғы кездерді еске ала беретін болсақ, біз көп нәрседен артта қалып кетуіміз мүмкін. Ескіден тек жаңа заманда дүниеге асатын мысалдарды алуымыз қажет. Он үш жаста Отан қорғаған батырлар туралы біз қазір тек кітаптардан оқи аламыз. Себебі бұл қазір бізге ертегі сияқты болып көрінеді.

Бақытбек СМАҒҰЛ, Ауған соғысының ардагері:

Жоқ

– 18 жас – нағыз патриотизмді бойға сіңіретін уақыт. Бұл жаста балалардың ерлік жасауға, Отанға қызмет етуге қызығушылығы артып, күш-қуаты кемеріне келіп тұрады. Сондықтан 18 жастан бастап әскерге қабылдау дұрыс деп есептеймін. Біздің батыр бабаларымыз қанша жастарында жерді қорғап, өлермендік танытып, ерлік көрсеткен? 16-17 жастарында Қарасай, Райымбек батырларымыз Алашқа аты мәшһүр батыр болған. Ал осы батырлардың ұрпақтары неге 18 жастарында Отан қорғауға бармауы керек? Әскери борышты өтеу деген не? Бұл – Отанын, жерін қорғауға дайындалу деген сөз. Егер өрен он сегіз жасында халқын қорғауға әзір болмаса, ол сонда қай уақытта дайын болады? Ауған соғысынан өткен, қанды қырғынды көрген әскери адам ретінде айтарым – 18 жаста бала барлық әскери борышын өтеуге дайын болады. 

Баланың денесі қатпаған, бұғанасы бекімеген, жыныстық жағынан жетілмеген деген жай сөз. Мұндай сөзді айтатын адам ең әуелі өзі әскери парызын өтеп көруі қажет. Әскери өмірді түсінгенде ғана адам сол өмір туралы пікір айта алады. Ұлы Отан соғысы кезінде аталарымыз қанша жастан бастап соғысқа қатысты. Осы 18-19 жас емес пе? Бұл соғысқа қатысқан қанша аталарымыз жасына қарамай ерлік көрсетті. Сіздің ойыңызша, егер өрендерімізді 18 жастан бастап әскерге қабылдамасақ, қай жастан бастап қабылдауымыз керек? Жиырма жастан өткеннен кейін, мысал үшін айтайын, 25-26 жасында жігіт әскери борышын өтеуге қаншалықты құлшынып тұрады? Жігіт бұл жаста отбасын құрып, жеке тіршілігімен айналысып кетпей ме? Екіншіден, 25-26-дағы жігіт ересек саналады, бұл жаста оның бойына патриоттық қасиеттерді сіңіру қиын. Сондықтан бала мектепті бітіре сала әскерге алу қажет. Бұл оның болашақ өмірі, келешегі үшін жақсы. Егер бала жастайынан әскери өмірге үйреніп, қатал тәртіпті көретін болса, ол болашақта отбасында да, жұмысында да әрқашан тәртіпке бойсұнады. Жалпы, әскерге барған азамат пен бармаған азаматтың арасында үлкен айырмашылық бар. Мұны күнделікті өмірден де көріп жүрміз. Кейде тепсе темір үзетін жігіттердің араққа салынып, өзіне, отбасына ие бола алмай жүргенін көрсең жанын ашып, жүрегің ауырады. Ал осындай тағдыр тауқыметін тартатын азаматтардың көбі әскери парызын өтемегендер, яғни қатал тәртіпті көрмегендер. Қазір жігіттеріміз әскери парызын бір-ақ жыл өтейді. Бұл уақытты сәл ұзартып, 1,5-2 жылға созу керек. Себебі әскерде біраз болған, әскери өмірдің дәмін татқан адам ғана тәртіпке үйренеді. Тағы бір айтарым, бізде мектепте бастауыш әскери дайындық деген пән бар. Бұл сабақ оқушыларға дұрыс жүргізілмей келеді. Егер осы пәнді дұрыстап қолға алатын болсақ, яғни жеткіншектерді мектептен бастап әскери тәртіпке үйретсек, онда сіз айтқан 18 жас туралы ойланып көруге болатын еді.

Бейтарап пікір

 Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

– Бұл жаста әскерге қабылдау ерте емес деп ойлаймын. Бала қиыншылықты жастайынан көріп өскені дұрыс. Қиындықты көрген бала өмірде де сан алуан ауыртпалықтардан аман-есен өтіп шығады. Ал енді 18 жастан асып кеткен азаматты әскерге алып барсаңыз ол сынады, не әскери борышын өтемей қашып кетеді. Себебі оны қатал тәртіпке көндіру қиын. Мен өзім әскерге 18 жасқа толмай бардым.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста