Абайдың ақындық мектебі өз деңгейінде зерттеліп жатыр ма?

Абайдың ақындық мектебі өз деңгейінде зерттеліп жатыр ма?

Қазақта Абайдай тұлғаны танымайтын адам кемде-кем. Ал Абайдың ақындық мектебінің тәрбиесін көрген шәкірттерін танитындар некен-саяқ. Алайда ұлы ақынның айналасы ізін қуған шәкірттерімен шектеліп қалмаған. Соның айғағы – ән-күй, құсбегілік, атбегілік, тоғызқұмалақ, дойбы өнерін үйренушілер мен балуан, желаяқтардың Абай маңынан өнер тауып, бойындағысын шыңдауы. Оларды, Абайдың өнер мектебінің шәкірттерін, атасақ, ақындық тәлімін көргендерді ақындық мектебінің шәкірттері десек дұрыс болатын секілді. Абай шәкірттерінің әрқайсысы өз дәрежесінде ұстаз талабынан шығуға күш салып, дара соқпақ тауып, қазақ әдебиетіне өзіндік ізін қалдыруға тырысқаны анық. Осы орайда «Абайдың ақындық мектебі өз деңгейінде зерттеліп жатыр ма?»  деген сауалды мамандардың назарына ұсынып көрген едік...

Жабал ШОЙЫНБЕТ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының атқарушы директоры
Иә

– Мен Абайдың ақындық мек­тебі өз деңгейінде зерттеліп жатыр деп толықтай айта ала­мын. Абай тақырыбына бар­ған­да оның ақындық мектебіне, шәкірттеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Осы орайда айта кетер жайт, Абайдың өмірбаяны мен ақындығы кеңінен зерт­тел­ген. Соның ішінде ақындық қы­ры жақсы жағынан ашылды деп ойлаймын. Ал ақындық мек­тебі, ұлы ақынның тәлімін ал­ған шәкірттері енді-енді зерт­теліп, қолға алынып жатыр. Зерттеулерде ілгерілеушілік бар. Бұл – бұрынғымен салыс­тыр­­ғанда үлкен жетістік. Осы тұр­ғыдан мен Абайдың ақын­дық мектебі өз деңгейінде зерт­теліп жатыр деп ойлаймын. 
Абайдың ақындық жолға түсуге ықпал еткен, әсерін тигізген шәкірттері туралы зерттеулер әсіресе соңғы кездері жақсы жолға қойылуда. Абайдың ақындық мектебінің зерттелуінің бастауы – Қайым Мұхамедханов. Ол өлерінің алдында өзінің еңбегін жарыққа шығарып кетті. Оның бұл шығармасы үлкен істің басы ғана емес, ұлы ақынның ақындық мектебінің зерт­телуіне салынған сара жол болды. Осы еңбектен кейін көптеген зерттеулер өз жалғасын тапты. Абайтанушы жас ғалым­дар пайда болып, абайтану орталықтары ашыла бастады. Мәселен, Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде тұңғыш рет ашылған «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бұл орталықта ақынның бұрын-соңды зерттелмеген қырлары ашылады деп ойлаймыз. Оның ішінде ақын шәкірттерінің әрқайсысын жете зерттеу де ойда бар. Мұндай орталықтың жұмыстары арқылы көптеген нәрсеге қол жеткізуге болады. Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми еңбектер де қорғалып жатыр. Соның дәлелі – Бауыржан Ерденбеков деген ғалымның жақында Абайдың ақындық мектебі туралы қорғаған еңбегі. Мұның бәрі – Абай атамыздың ақындық мектебінің зерттеліп жатқанының айғағы. Бір кездері коммунистік идеологияның ықпалымен зерттелмей қалған ақынның бұл қырларының бүгінгі күні қолға алынып, беті ашылып зерттеле бастағаны – үлкен жетістік. Тек алдағы уақытта бұл зерттеулер аяқсыз қалмаса игі.
Абай – ұлы мұхит немесе биік шың! Ал осынау түпсіз терең мұхит пен құзар шыңды зерттеп біткенше ақынның қан­шама қыры ашылары сөзсіз. Осы орайда ғалымдар ақынның барлық қырын зерттеп, халыққа таныта білсе, басты мұрат – осы!

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғылымының докторы, профессор
Жоқ

– Абайдың ақындық мек­­тебі өз деңгейінде толықтай зерттеліп жатқан жоқ. Абай тө­ңі­регіндегі зерттеулердің бар­лы­ғы Семей өңірінің айна­ла­сы­нан аса алмай тұр. Ал шын­ды­ғында қазақтың мақта­нышына ай­налған Абайдай тұл­ғаның зерттеулері респу­бли­ка көле­мін­де орын алуы тиіс еді. Өйткені Абай – бүкіл қа­заққа ортақ тұлға, қазақтың мақта­ны­шына айналған ақын. Рас, бірлі-жарым зерттеулер жасалға­ны­мен, оның насихаты аз. Мәсе­лен, жақында «Абай­дың әдеби ортасы» атты кіта­бым жарық көрді. Бар болғаны 1000 дана­мен басылып шығып, Семей же­рінде ғана таралды. 
Ал осы таралыммен Абай туралы зерттеулермен исі қазақ баласы таныс деп айта алмасымыз анық.
Кез келген қазақ Абайды танығанымен, оның шәкірттерінің ешқайсысының атын атап, түсін түстеп бере алмайды. Тіпті ұлы ақынның шәкірт тәрбиелеп, өзінің ақындық мектебінің қалыптасуына ықпал еткенінен де хабарсыз. Бұл – ақиқат. Сондықтан Абайдың ақындық мектебі өз деңгейінде зерттеліп жатқан жоқ деп айтуға болады. Ал бірлі-жарым зерттеулердің насихаты жеткілікті деңгейде емес. Сондай-ақ жа­қында «Абайтану» атты екі томдық еңбек жазылды. Оның да бүкіл еліміздің мек­тептеріне тарай қоятынына күмәнім бар. Мәселен, Абай ақынның шәкірті Әріптің 150 жылдығына орай, Әріп шы­ғар­маларының толық жинағын шығардым. Алайда республикалық деңгейде тарата алмай, қолым жеткен адамдарға ғана өзімнің таратып беруіме тура келді. Алайда ғылыми айналымға түскен жоқ. Мемлекет өз бетінше Әріп ақынның шығармаларын шығаруға тырысқан жоқ, жарық көрген кітаптың таратылуына да мүдделілік таны­тар емес. Осылайша Абайдың ізін қуып, қазақ әдебиетіне үлес қосқан тұлғаларымыз елеу­­сіз қалып жатыр. Рас, Шәкәрім бір­шама зерттелді. Алайда одан басқа Абай­дың ізін басқан, тәлімін көрген Көкбай, Әсет, Әріп секілді тұлғаларды ешкім таны­май­ды. Бұл – Абай шәкірттерінің жете зерт­телмегенінің айғағы. Ертең де олардың мерейтойлары кезінде баяндама оқылып, аз күнге насихатталады да, артынан ұмы­тылып қала береді. Ал әлі күнге жүйелі түр­де бүкіл қазақ баласына, шеттегі қазаққа кеңінен таныстыру жұмыстары жүргізілер емес.
Сондықтан алдағы уақытта Абайдың ақын­дық мектебінің зерттелуіне назар ау­да­ру керек секілді. Бірлі-жарым зерт­теу­шілердің өз бетінше шығарып жатқан зерт­теу еңбектерінің таралымын белгілі бір ұйым­дар қолға ала отырып, кеңінен тара­луына ықпал жасаса дұрыс болар еді. Себебі бас ақынымыздың ақындық мекте­бі­нің  жете зерттелмей жатқаны – ұят жағ­дай.

Түйін
Абайтанушы ғалымдарымыздың пікірі осылайша екіге жарылып тұр. Әйтсе де бір кездері тұтас ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал еткен, ұлы ақынның тәлімін алған тұлғаларымыздың еңбегін кез келген қазақ баласының танымауы ұлтымызға сын болары сөзсіз. Осы орайда Абай дәстүрін жалғастырушылар мен ақын шәкірттерінің, оның жанындағы өнерлі топтың қалыптасуы Абайдың әдебиетте үлкен мектеп қалыптастырғанының айғағы бола алады. Сондықтан Абайдың ақындық мектебіне іргелі зерттеулер жасалып қана қоймай, осынау ғылыми зерттеулердің насихаты арта түссе, нұр үстіне нұр болар еді-ау.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста