Алдағы уақытта ҰБТ-ны ұлттық тестілеуге ауыстыру білім сапасына игі әсерін тигізе ме?

Алдағы уақытта ҰБТ-ны ұлттық тестілеуге ауыстыру білім сапасына игі әсерін тигізе ме?

ҰБТ жүйесі елімізде 2004 жылдан бастап енгізілді.
10 жылға жуық уақыттың ішінде жалпы саны 1 миллион 335 мың түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 80 пайызын құрайды. Талапкерлер тест сұрақтарының шалалығына шағымданып, 700 сұрақты апелляцияға берген. Алайда осы уақытқа дейін оның тек 0,1 пайызы ғана қанағаттандырылыпты. Тек биылғы жылдың өзінде шекті 50 балдық көрсеткішке қол жеткізе алмай, 27 500 бала оқуға түсе алмай қалған. Ал енді 2015 жылдан бастап ҰБТ алынып тасталып, оның орнын екі кезеңдік ұлттық тестілеу баспақ. Жаңа өзгеріс қаншалықты нәтижелі болмақ? ҰБТ-ны ұлттық тестілеуге ауыстыру білім сапасына игі әсерін тигізе ме? Тақырыпқа орай осы саланың мамандарын сөйлетіп көрген едік...


Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
иә
– Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірден-бір ерекшелігі – оның мек­тепті бітіру емтиханы мен ЖОО-ға түсердегі емтиханды біріктір­генінде. ҰБТ 10 жыл ішінде бір­шама артық­шы­лы­ғымен көзге түсті. Атап айт­қанда, ЖОО-ға түсу рәсімі ашық, бітірген мектебіне қарамастан, оқушыларды бірдей талаппен саралауға мүмкіндік берді. Алайда заман ағымына сай түлектердің дайындығына қойы­латын талаптың өзгеруі ҰБТ-ны өзгерту мәселесін төтесінен қой­ды. Қайталауға негіз­дел­ген тест тапсыр­малары оқушылар­дың жаттау дағысын ғана қалыптас­тыратын болып шықты. 
2009 жылы өткізілген PISA халықаралық зерттеуі оқушыларымыздың алған пәндік білімдерін практикалық ситуацияларға пайдалану дағдыларының, яғни функцио­налды сауаттылығының жеткіліксіз дәре­жеде қалыптасатынын көрсетті.
Осыған орай 2010 жылы қабылданған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағ­дар­ламасында 2015 жылдан бастап ҰБТ-ны сапалы тұрғыда жаңарту жоспарланып отыр. Бағдарламаға сәйкес, ҰБТ екікезең­ді ұлттық тестілеуге ауысады. Бірінші кезең – мектеп бітірердегі ұлттық тест, екіншісі – ЖОО-ға түсу үшін таңдалған мамандыққа сай бейіндік емтихан. Мұндай практика бір­қатар дамыған елдерде қолданысқа ие. Ұлттық тестілеу ендігі ретте білім мөл­шерін емес, логикалық операцияларды жү­зе­ге асыру қабілетіне бағытталатын болады. Бұл компьютерлік тестілеу әдісі­мен қатар жазбаша тапсырмаларды орын­дауды үйлестіру арқылы жүзеге асыры­лады деп күтілуде. Үстіміздегі жылдың сә­уір айында республиканың 32 мекте­бінде Ұлттық тестілеудің жаңа технология­сы мен тест тапсырмалары сынақтан өт­кізіл­ді. Тестіні 1864 түлек, соның ішінде 1148-і – қазақша, 716-сы орысша тап­сыр­ды. Ал осы жылдың 2 және 12 қыр­күйегі ара­сында республиканың 18 жоға­ры оқу орнында ұлттық тәуелсіз тестілеудің тех­нологиясы мен тест тапсырмаларын пай­далану тиімділігі байқалды. Оған бі­рінші курстың 7500 студенті қатысты. Тес­тілеу жазбаша және компьютермен өткі­зілді. Тестілеудің жаңа форматы мектеп түлек­терін барлық оқу пәндері бойынша да­йындалуға ынталандырып, әлеуметтің тес­тілеуге жасайтын қысымын азайта отырып, ЖОО-ларға іріктеу барысын мақ­сатты әрі мейлінше әділ етуге септігін тигі­зеді деп күтілуде.
Осы орайда ҰБТ-ны ұлттық тестілеуге ауыстырудың өзі білім сапасына жақсы жағынан әсер ету үшін жасалып отырған нәрсе деп айта аламын. Сондықтан бұл өзгеріс білім сапасының көтерілуіне өзінің игі әсерін тигізеді деп ойлаймын.


Құсайын РЫСАЛДЫ, филология ғылымының докторы:
жоқ
– Тестілеу жүйесіне түбегейлі өз­геріс жасау керек. Әйтпесе, ҰБТ-ны ұлттық тестілеуге ауыстыру бі­лім сапа­сына айтарлықтай әсерін тигізе ал­майды. Жалпы тестілеу жүйесі білім сапасын алға сүйрей алмады. Керісін­ше, біз балалары­мыздың ойлау жүйесін, білім көк­жиегін шектеп тастадық. Бала­ларымыз тек қажетті нәрселерін та­­­­қыл­­датып жат­тағанға жаман үйреніп алды. Ал одан әрі белгілі бір саланы, не әдебиетті, не ел тарихын айтып бере алмайды. Сондықтан түлек­тердің білім сапасын анықтау жүйе­сіне өзгеріс қажет болып тұр. Негізі, білім сапасының көрсеткіші оны анықтау жүйесіне қарай қалып­тасады. 
Сондықтан біз түлектердің білім көрсеткішін анықтау жүйесіне өзгеріс енгізсек, ол білім сапасына да айтарлықтай әсер етер еді. Осы орайда айтарым ,Ұлт­тық бірыңғай тестілеуді ұлттық тестілеуге ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді.
Негізі, бізге тест жүйесінен гөрі сұрақ-жауаппен емтихан тапсыру жүйесі пайда­лырақ еді. Әр мамандық иесінің өзіндік ер­екшелігі болады. Соның ішінде маман­дардың сөйлеу қабілетін тексерудің маңы­зы зор. Мәселен, болашақ тарихшы тарих­ты зерделей, сараптай алатын адам болуы керек. Сол секілді болашақ филолог әде­биеттің майын тамызып, басқалардың ал­дында оны көркемдеп, айтып бере алуы керек. Болашақ маманның таңдаған ма­ман­дығына психологиялық тұрғыдан қан­шалықты дайындығы да, оның ауызекі сөй­леу қабілетіне қарап анықталады. Демек, әр мамандық иесінің қаншалықты деңгейде ауызекі сөйлей алатыны, тіл бай­лығы айрықша маңызды. Тіпті біз осыған көңіл бөлмеудің арқасында кейбір маман­дардың мамандық таңдауда адасып жат­қанына да мән бермеуге айналдық. Ал бұл – өте үлкен қателік. ЖОО-ға маман ретінде таңдау жүргізілетін бұрынғы емтихан тап­сыру жүйесі қазіргі тест жүйесінен әл­де­қайда тиімді еді. Егер біз сол жүйеге қайтып келсек, бүгінгі күні тестке қатысты айтылып жүрген талай сыннан арылар едік. Рас, тест әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып келеді. Олай болса, біз өз елімізде қолданылып жүрген тест жүйесін әлдеқайда жетілдіруіміз керек. Елімізде арнайы тестология ғылымы құры­лып, тестінің барлық артықшылықтары ес­керілуі қажет. Мәселен, біздің елімізде адам­ның ойлау жүйесін анықтайтын, адам­ның өзіндік ерекшеліктерін зерделеп беретін тест модельдері мүлдем қалыптас­паған. Қарапайым бір тест сұрағының жа­уабына қатысты жыл сайын дау шығып жатады. Ал ондай даулар бар кезде тест жүйесі тиімді жұмыс істей алмайтыны анық. Егер елімізде ұлттық тест жүйесі ен­гізілетін болса, онда ол бұрынғы ҰБТ-ның қателіктерін қайталамай, әр түлектің қа­рым-қабілетін дәл анықтайтын, маман­дығына қарай түлектердің бейімін анық­тауға көмектесетін заманауи тұрғыда же­тілген, басқа елдердің тәжірибесінен ек­шелген тест болуы керек. Әйтпесе ҰБТ жү­йесі секілді басынан дау арылмай бір­неше жыл өткен соң қайтадан қолда­ныс­тан шығып қалады.
Сыннан көз ашпады деп бұрынғы жү­йе­ден тез арада бас алып қашпай, келесі енгізілетін жүйені жан-жақты сарап­тау­лардан өткізіп барып қана қолданысқа ен­гі­зуіміз керек. Осы орайда айта кетер жайт, Германияда 12 жылдық орта білім беру жүйесі қалыптасқан. 11-12 сынып­тарда оқу­шыны бейіндік бағытына қарай, яғни болашақ мамандығына сай бағыт­талып оқытылады. Олар болашақ маман­дығы­ның алғашқы сатысынан мектепте жүрген­де-ақ өтеді. Бізге де сондай жүйе керек. Ал бізде тіпті бакалаврды бітірген соң ғана мамандығынан адасып жүргенін біліп жатады. Сондай-ақ жоғары сынып­тарды ҰБТ сұрақтарын жаттаумен ғана күн­дерін өткізген жеткіншектер болашақ маман­ды­ғы туралы ойламақ түгіл, мектеп бағ­дар­ламасын игермей қалады. Сон­дық­тан бұл салаға кешенді өзгеріс керек секілді.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Ғалия ӘБДІРЕШОВА, педагогика ғылымының кандидаты:
– Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асса да, әлі күнге білім сапасын анықтаудың тиімді жүйесін таба алмай отыр­ғанымыз өкінішті. Сондықтан әр реформаны бір енгізіп, бала­ларымызға тәжірибе жасап көре бергенше жетілген, жан-жақты тәжірибеден өткен елдердің жүйесін өзімізге алып қолдану қажет секілді. Әйтпесе көп өзгеріс балалардың жүйкесіне кері әсерін тигізіп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста