Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тегін балабақшамен қамтамасыз етуді жергілікті билікке міндеттеу керек пе?

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тегін балабақшамен қамтамасыз етуді жергілікті билікке міндеттеу керек пе?

Жалпы, бұл ойдың көтеріліп жүргеніне аз уақыт болған жоқ. Қазірдің өзінде жергілікті билікке әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендердің балаларын тегін балабақшамен қамтамасыз етуге құзырет берілген. Осы ретте, егер жергілікті бюджетте басы артық қаражат болса, онда жағдайы төмен отбасылардың балаларын балабақшаға тегін орналастыруға әкімдіктің құқы бар. Алайда қазір бұл әр жерде әрқалай жүзеге асуда. Мәселен, кейбір қалаларда әлеуметтік жағдайы төмен балаларға балабақша тегін болса, ал қайсыбір аудандарда мұндай үрдіс жүзеге аспай отыр. Сондықтан әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын тегін балабақшамен қамтамасыз етуді бірізділендіру үшін жергілікті билікке мұны міндеттеу керек пе? Бұл ретте тараптар пікірі екіге айырылды.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Бұл – өте дұрыс көтеріліп отырған мәселе. Өйткені осылай етсек, бұл, бір жағынан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлкен көмек болар еді. Себебі баласын балабақ­шаға орналастырып, оған ай сайын 10 мың теңге төлеп отыру әсіресе әлеу­меттік жағынан аз қамтылып отыр­ған отбасылар үшін үлкен сал­мақ болады. Бала­бақ­шаның төлем­ақы­сы әр жерде әрқалай. Мәселен, Ал­маты қала­сында сәбиді бала­бақ­шаға орна­ластыру үшін ата-ана ай са­йын 17 мың теңге төлеп отыруы ке­рек. Өз тамағын әрең тауып отыр­ған отбасы бұл соманы қайдан тауып бер­мек?
Сондықтан оларға жергілікті бюджет есебінен болсын, жалпы демеушілер арқылы болсын, баласының балабақшаға орналасуына көмектессе, бұл үлкен сауапты іс болар еді. Алайда бұл ретте шынайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы категориясын анықтау үлкен мәселе болмақ. Сол үшін бұған аса ыждаһаттылықпен қарап, «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бер­меудің барлық амалдарын қарастыр­ғанымыз жөн. Дегенмен негізгі ой дұрыс, мен мұны құптаймын. Осылай болып жатса, жаман болмас еді. Бұл ретте, әсіресе жас жанұяларға, жаңадан отбасын құрған отбасылардың бірінші-екінші балаларын балабақшамен қамтамасыз ету тегін жүргізілсе қандай тамаша болар еді. Бұл біздің демографиялық ахуалымыздың одан әрі көтерілуіне септігін тигізетіні сөзсіз.
Негізі, жергілікті әкімдіктерге мұндай құзірет берілген. Мәселен, Шымкент қала­сында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары бала­бақшамен тегін қамтамасыз етіледі. Олар демеушілер арқылы осы мә­се­ленің шешілуіне мүмкіндіктері бол­ғанша ықпал етіп отыр. Бірақ Алматы қаласында мұн­дай үрдіс жоқ. Алматы облысында бар бол­ғанымен Қарағандыда жоқ дегендей, әр аймақта әртүрлі орындалуда. Сондықтан ана жер­де басқа, мына аймақта бас­қа­ша қыл­май, жалпы, олар Қазақ­стан­ның азамат­тары бол­ған­дықтан, оның бар­лығын әкім­діктерге бірдей міндеттеуіміз керек. Әрине, көп балалы отбасыға, жалғыз басты ананың, мүгедек болып қалған адамның балаларының бала­бақ­шаға тегін орналасуына заңы­мызда кедергі жоқ. Бұл жерде тек ниет болса болғаны. Бұл жергілікті биліктегі бас­шы­лардың өзінің отбасына, Отанына, жалпы халқына, еліне деген сүйіспеншілігін көрсетеді.


Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, қоғам қайраткері:
жоқ
– Жоқ, мен бұл пікірге келіспей­мін. Себебі қазір жергілікті биліктің мүмкіндігі аз. Оның үстіне, бізде балабақшалар әлі жеткіліксіз. Онсыз да балабақшаның кезегінде қан­шама мыңдаған бала тұр. Бір орынға он бала таласуда. Ертең жергілікті әкімдіктер бұлай ететін болса, онда бір орынға 10 емес, 20 бала кезекке тұрады. Оның үстіне, әлеуметтік жағдайы төмен деген категорияны тамыр-таныс­тық­пен жағдайы жақсы азаматтар да алып, бұл салада жемқорлық етек алып кетуі мүмкін.  Артық қыла­мыз деп, тыртық қылып алуымыз ға­жап емес. Сондықтан біз алдымен елге қажетті балабақшаларды толық салып алуымыз керек.
Егер олар жеткілікті дәрежеде болса, онда әлеуметтік жағдайы төмен отбасы­лардың балаларын балабақшаға тегін ор­наластыруға болады. Ал оған дейін, онсыз да балабақша жетіспей тұрғанда, бұл мәселені одан сайын ушықтырудың қа­же­ті жоқ деп есептеймін. Менің тү­сін­бей тұрғаным, егер балабақша жет­пей тұрса, бір орынға он баладан таласып тұрса, ақшасы бар адам­ның өзі баласын мектепке дейінгі мекемеге орналастыра алмай отыр­ған­да, әкімдер жағдайы төмен отба­сының балаларына қайдан орын тауып бермек? Он­сыз да әлеу­меттік жағдайы төмен отбасы­лардың балаларына жергілікті әкімдіктер қолынан келгенше көмектесіп жатыр. Түрлі жеңіл­діктер жасауда. Мен оған қарсы ем­еспін. Алайда әр ай­мақ­та неше сәби­ден бар, онда қанша бала­бақша салу керек, осының барлығына көз жеткізіп, зерттеу жасап барып бала­бақша салмай, бұл мәселені шешу өте қиын.
Қазір балабақшалардың көбі жеке­мен­шіктің қолында. Олар оның төлем­ақы­сын қаншаға көтергісі келеді, оны өз­дері шешеді. Сондықтан мектепке дейінгі ба­лаларды тәрбиелейтін муниципальді ша­ғын орталықтарды көптеп ашуымыз керек. Бірақ онда істейтін қызметкерлердің ай­лық жалақысы жоғары болғаны жөн. Себебі жақсы жалақы болғанда ғана ол жерде білікті кадрлар жұмыс істейтін болады. Ата-аналар да балаларын білікті тәр­бие­шілерге тапсыруға тырысар еді. Әйт­песе, қазір өкінішке қарай, мемлекет­тік бала­бақ­шалардың жағдайы өте нашар. Мате­риал­дық жағынан алып қара­са­ңыз да, онда қызмет істейтін маман­дардың да бі­лік­тілігі төмен. Өйткені ай­лық аз болған соң, оған жақсы мамандар бармайды. Сон­дық­тан бұл мәселені шешу үшін тек әлеу­меттік аз қамтамасыз етілген балалар­дың жағдайын ғана ойламай, мұ­ны комплексті түрде шешуді қолға алға­нымыз жөн.

Бейтарап пікір
Совет-Хан ҒАББАСОВ,
жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
– Біз жақсы болсын, жаман болсын, социалистік қоғамнан өткен мемлекетпіз. Біз ғана емес, Ресей, кезінде Кеңес Одағына мүше болған мемлекеттердің барлығы сол қоғамнан өтті. Мен айтар едім, қазіргі кездегі бүкіл балабақша, білім беру, денсаулық – барлығының ақылы болып кетуі жақсылықтың нышаны емес. Жалпы, жағдайы төмен отбасыға ғана емес, еліміздегі барлық сәбилер балабақшамен тегін қамтамасыз етілуі тиіс. Әйтпесе, мұның барлығы қоғамның дамуына кері әсер етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста