«Әр азамат Отан алдындағы борышын тұрғылықты мекенжайы бойынша өтеуі керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Әр азамат Отан алдындағы борышын тұрғылықты  мекенжайы бойынша өтеуі керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Қазіргі таңда әскери борышын өтейтін жастарды қалыптасқан әскери жүйе бойынша азаматтық борышын өтеу үшін еліміздің әр қиырына жібереді. Алайда бұл жүйе бойынша мамандар пікірі екіге жарылып отыр. Кейбір мамандар «азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери міндетін өтету — экономикалық тұрғыдан тиімді, сондықтан Кеңес Одағы кезінен өзгеріссіз келе жатқан жүйені өзгерту керек» десе, енді біреулері «әскери саладан мемлекеттің ақшасын аямау керек, бұрыннан келе жатқан жүйенің әскери маңызы зор» деген пікірде. Мамандар пікірін «ой-көкпар» айдарында тоқайластырып көрген едік...

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы
Иә

– Мен бұл пікірді қолдаймын. Әскери борышты әркім өзінің туған жерінде, тұрғылықты жері бойынша өз аймағында өтегені дұрыс. Негізі, бұл әдіс көптеген дамы­ған елдерде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Тіпті кейбір елдердің ер-азаматтары күнделікті жұмысқа барып келгендей, әскерге таңертең барып, кешке қайтып-ақ әскери міндетін өтейді.
Мәселен, Израиль еліне барған іссапа­рымда осы жүйенің артықшылығын кө­зім­мен көрдім. Бұл – мемлекет әскери қуатымен көршілес мұсылман мемлекеттерін сескендіріп отырған мемлекет. Ал әскерінің басым бөлігі осындай жүйемен әскери борышын өтейді. Яғни тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери міндетін өтеу жүйесі арқылы-ақ межелеген жетістігіне жетіп отыр.
 Талдап айтар болсам, бұл – бірін­ші­ден, ыңғайлы жүйе. Әр азамат өз үйінен кі­ріп-шығып-ақ әскери міндетін өтей бе­реді. Екіншіден, экономикалық тұрғыдан үнем­ді, әскери бөлімдердегі әскерилерді қам­тамасыз етуге, оларды әрі-бері тасуға, жол қатынасына ақша шығын болмайды. Жыл сайын әскери борышын өтеушілерді ба­тыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке са­пы­рылыстырады да жатады. Ал бұл мем­лекеттің қоржынына да үлкен салмақ са­латыны сөзсіз. Сондықтан тұрғылықты жері бойынша әскери қызметін өтеу әдісін жо­ғары дәрежеде ұйымдастырып, ал сол ар­қылы үнемделген ақшаны жаңа әскери тех­ника мен құрал-жарақ сатып алуға жұм­сасақ, өте тиімді болар еді. Сондай-ақ кә­ме­леттік жасқа енді толған жастарға да тұр­ғылықты жері бойынша әскери міндетін өтеу жүйесі психологиялық тұрғыдан жеңіл бо­латыны белгілі.
Тағы бір айта кетер жайт, тұрғылықты жері бойынша әскери міндетін өтеу сар­баз­дар арасындағы әлімжеттік жасау оқи­ғасының азаюына да септігін тигізуі әбден мүмкін. Өйткені әлімжеттік жағдайы көбіне-көп түнде, сарбаз командирлерінің бақылауынсыз қалғанда орын алады. Оған қоса, қанша айтқанмен, бір жердің бала­ла­ры өзара тату-тәтті бола алады емес пе?! Се­бебі кей жағдайда сарбаздар арасын­да­ғы ұрыс-керіс жер-жерге бөліну салда­ры­нан да болып жатады. Кейде сарбазда­ры­мыз мүлдем басқа ортаға үйреніспей, әскерден де қашып жатады. Егер әскерилер өз тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери міндетін өтесе, әскерден қашу оқи­ғасының болмауына оң әсер етеді деп ойлаймын. Сондықтан өркениетті елдердің тиімді әдісін біз де пайдаланып, сар­баздардың тұрғылықты жері бойынша әскери міндетін өтеуіне жағдай жасауымыз керек.

Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері
Жоқ

– Жоқ, бұл пікірге қарсымын. Ер-азамат­тардың әскери борышты тұрғылықты мекенжайы бойынша өтегені мүлдем дұрыс емес. Ер-азамат бәріне дайын болуы тиіс. Мәселен, Шығыс Қазақстанда апай-топай бір­деңе бола қалса, Қызылорданың тұрғыны абдырап қалары сөзсіз. Бұрын көріп-білме­ген жерде ол ешқандай әскери тактиканы көрсете алмауы да мүмкін. Ал осылай бір аймақтың балаларын екінші аймаққа әс­керге жіберу арқылы бұл қиындықтың алдын алуға болады. Бұрыннан келе жатқан әскери жүйе олардың өз тұрғылықты жерінен алысырақ жерде шыңдала түсуіне әсер етеді.
Кеңес Одағы кезінде ер-азаматтарымыз шекара асып, мүлдем басқа мемлекетке барып та әскери міндетіп өтеп келіп жүрді ғой.
 Ал Қазақстанның қай қиыры бол­масын, өз еліміз емес пе?! Әрбір ер-азамат өз өлкесін туып-өскеннен бастап тани бастайды. Ал еліміздің келесі бір бұрышын көрсету арқылы олар ел-жер көреді. Рас, кейде ауыл баласы кәмелетке толғанша өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерді көрмейді. Көбінесе, әскерге барған жігіттер рухани тұрғыдан өсіп, есейіп қайтады. Бұл – олардың өмірді көріп, айналасын танығанының белгісі. Сондықтан мұндай жүйе арқылы жігіттеріміз ең алдымен ел мен жерді таныса, екіншіден, өмірдің қиындығын көріп шынығады. Осы орайда оңтүстіктің жігіттері шығысқа барып суы­ғына шынығуы тиіс. Бір жағынан, әскери ал­масулар арқылы ер-азаматтарымызға қазақтың жерінің кең-байтақ екенін де көрсете аламыз. Тіпті өз үйінен алысқа ұзап көрмеген бала ертең бүкіл елін қорғай алады деп айта аламыз ба?! Әскери тәртіп болғаннан кейін, ол өмірдің барлық қы­зық-шыжығына төзіп, тәртіпке көндіккені жөн. Сондықтан психологиялық тұрғыдан да әскери міндетін басқа аймаққа барып өтеу оңтайлы деп ойлаймын.
Ер-азамат өз үйінен кіріп-шығып бала­бақ­шаға, мектепке, ЖОО-ға барады, енді әс­кери қызметті де сол сарында өтейтін бол­са, оның несі әскери тәртіп болмақ?! Кей­біреулер айтып жүргендей, сарбаз­дар­дың тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери міндетін өтеуі экономикалық тұрғы­дан тиімді» дегендерімен де келісе ал­маймын. Еліміздің қауіпсіздігі, тыныштығы, бейбітшілігі жайлы әңгіме болып отыр­ғанда, экономикалық үнемділік жөнінде сөз қозғау – артық дүние. Елбасымыздың өзі Қазақстан–2030 бағдарламасында «ең бірінші ұлттық қауіпсіздікке басымдылық беру керек» деді. Бұл тұрғыда еліміздің экономикасы 16 миллион халықтың қауіпсіздігі үшін жеткілікті деп санаймын. Сондай-ақ бұл жүйе әскерилер арасындағы әлімжеттікті жоюға септігі тиеді деп те айта алмаймын. Әскер түгілі, бір аудандағы бір мектептің оқушылары арасында әлімжеттік бар. Сондықтан бұл жүйе әлімжеттікті тыяды деп айту қиын.

Бейтарап пікір
Ирак ЕЛЕКЕЕВ,
Мәжіліс депутаты:
– Қазақстанның қай жері болмасын, жастарымыздың өз елі саналады. Және экономикалық тұрғыдан мұның соншалықты тиімділігін көріп отырғаным жоқ. Өйткені ер- азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери міндетін өтететін болсақ, әрбір облыстан әскери бөлімдер ашу үшін де қосымша қаржы көзі керек болады. Осы орайда айта кетер жайт, әскери өмірде мұнан да өзекті мәселе бар. Мәселен, ер-азаматтардың қай жақта әскери міндетін өтеуіне бас қатырғанша, неге әскердегі әлімжеттікке тосқауыл қоюға тырыспасқа?! Бүгінгі күні әскери салада қандай өзгеріс енгізсек те, ең алдымен әскерилер арасында тәртіп орнатып, әлімжеттікті жойып, бейбіт күнде сарбаздарымыздың қаза болуына жол бермеуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста