Ашаршылық пен қуғын-сүргінді қазақ халқына жасалған геноцид деп бағалайтын уақыт жеткен жоқ па?

Ашаршылық пен қуғын-сүргінді қазақ халқына жасалған геноцид деп бағалайтын уақыт жеткен жоқ па?

Тарихшылар қауымы ашаршылық пен қуғын-сүргіннің қазаққа қарсы жасалған геноцид екенін дәлелдейтін деректерді талай келтіріп жүр. Ашаршылық кезінде көрші елдерде, тіпті тұрмыс-тіршілігі қазаққа барынша ұқсайтын қырғыз бен қарақалпақ елдерінде де қалыпты өмір болып жатқанын кез келген дерек пен әдебиеттер қуаттайды. Алайда тарихшы мен әдебиетшінің аузынан айтылған сөз бөлек, ал оны ресми түрде мойындап, саяси баға берген биліктің тұжырымы – мүлде бөлек нәрсе. Алайда қоғамда бұл мәселеге қатысты екі түрлі көзқарас бар.


Жұмабек АШУҰЛЫ, «Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар» қауымдастығының төрағасы:
иә
– Парламент тарапынан мұндай құжат міндетті түрде қабылдануы керек деп есептеймін. Жалпы, ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін бөлудің қажеті жоқ еді. Себебі екеуі де – бір жоспардың тармақтары. Қазақты құр­ту­дың екі түрлі әдісі ғана. Сонымен қатар аза тұту күнінің формасы болуы керек. Қа­ралы күн жариялағанымыз дұрыс болар еді. Дәл сол күні той-томалақты қыс­қар­тып, баспасөздер мен телеарна­ларда әзіл-қалжың, шоу-бағдарлама­лар­ды беру­дің қажеті жоқ.
Ресми мекемелердегі мемлекеттік тулар түсіріліп, миллиондаған құрбан­дар­ды еске алып, Құран бағыштау қажет. Тарихшы ғалымдардың барлығы дерлік бір­те-бірте осы көзқарасқа тоқталып жатыр. 
Мұның геноцид екені жан-жақты мо­­йын­далуда. Қазақты ұлт ретінде жойып жі­беруге арналған саяси шара екені анық. Мә­селен, көрші Өзбекстанда, Қырғызстан­да аштық болған жоқ. Бізді қоршаған көр­ші­­лердің арасында түрлі нәубетке душар бол­­ғаны біз ғана. 1931-32 жылы Үкімет ба­­сын­да отырған Ораз Исаев орталыққа телег­рам­ма жөнелтеді. Онда былай деп жа­зыл­ған: «Халық аштан қырылып жатыр. Тым болмаса аң аулауға рұқсат беріңіздер». Сол өтінішке былай деп жауап келген: «Бір аң ататын болсаңдар, сотталасыңдар». Яғни ге­ноцид екенін әшкерелейтін құжаттар же­тіп-артылады. Сол құжаттар халық­ара­лық дең­гейде қарастырылатын болса, бір­ден мо­йындалады деп ойлаймын. Жалпы, бұл мә­селеде украиндерден үлгі алғаны­мыз дұрыс. Олар мұны халықаралық дең­гей­­де кө­теріп жатыр. Бүкіл әлем украин­дер­ге қар­сы геноцид болғанын мо­­­йын­­дау­ға аз қалды. Түптеп келгенде қу­ғын-сүргін мен аштықтан қырылған қазақ­тар­дың саны украиндардан көп. Алайда біз бұл мәселені көтеруге енжарлық та­нытып отырмыз.
Саяси қуғын-сүргінге ұшы­ра­ған­дар жайлы мәліметтер мектеп оқу­лық­та­рында өте аз, жеткіліксіз жазылған. Негізі, Тәуелсіз ел тарихында ең ал­ды­мен оқылатын нәрсе репрессия құр­бан­дары жайлы мәліметтер болуы керек еді. Ке­зін­де қазақ халқының 70 пайызы сая­саттың сойқанынан зардап ше­к­кен. Ал бүгінгі күні мұны неге ашып көр­сетпеске?
Яғни бізге бұл оқиғалардың геноцид болғанын қуаттайтын заң жобасы керек. Оның бізге берері көп. Біріншіден, жас­тар­дың санасын аршуға, халықтың рухын кө­теруге қажет. Қазақтың басына түскен қасі­реттің қандай болғанын, бабаларымыздың қандай көреген, көзі ашық болғанын көр­сетеді. Бүгінгі тәуел­сіздігіміз қаншама адам­ның қаны арқылы, жаны арқылы кел­ге­нін салмақтауымыз қажет. Сол арқылы біз ұрпақ тәрбиелейміз.
Өкінішке қарай, бұл туралы қазір аз айтылып жатыр.


Серікболсын ӘБДІЛДИН, Коммунистік партияның бұрынғы жетекшісі, саясаткер:
жоқ
– Репрессияға жалғыз қазақтар ғана емес, Кеңес Одағының құрамында болған республика халықтарының көбі ұшырады. Оны бір ұлтқа жіктеп алудың қажеті жоқ деп есептеймін. Кез келген саяси іс-қи­мылымыз әділеттілікке, шындыққа не­гізделуі керек. Жалаң ұран көтереміз деп объективтіліктен алыстап кетпегеніміз дұрыс.
Жалпы айтқанда,  ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, бұл күнді атап өту біз үшін маңызды. Ол келешек ұрпақтың сондай жағдайды болдырмауға әрекет етуіне тәрбиелейді. Себебі, шындап келгенде, қуғын-сүргін ке­зін­де қазақты қазақ ұстап берген жағ­дай­лар өте көп болды. Басқаны былай қойғанда, Сәкен Сейфуллинді ұстап берген де – өзіміз­дің зиялы адамдар.
Бұл – ұлттыңқ қателігі деген сөз. Оны біз қалай кеңестік үкіметке ғана жаба саламыз?. Өкінішке қарай, бұл мінез бізде қазір де бар. Қазір де біз өзімізді-өзіміз қорғай алмаймыз. Бүгін біз өшпенділікке, зорлық-зомбылыққа құмар болудан қашуымыз қажет. Сондықтан бұл күнді атап өту маңызды.
Ал оны геноцид ретінде көрсетіп, бар айыпты өзге халықтың мойнына арта салудың қажеті жоқ. Мұндай құжат Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді дейтіндер бар. Алайда менің қарсылығым оған байланысты емес. Өйткені саяси қуғын-сүргінді орыстардың өздері де кешті ғой. Атылып кеткен, айдалып кеткен орыстардың саны қазақта аз емес. Орыстың да маңдайалды тұлғалары осы саясаттан зардап шекті. Басқаны былай қойғанда, Орталық Ресейдің өзінде аштық орын алғаны тарихтан белгілі. КСРО-ның құрамындағы кез келген халықта аштық болды, кез келгенінде қуғын-сүргін оқиғалары орын алды. Орыстар орыстарды сатты, украин­дар украинды ұстап берді. Біздікі де сол көрініс. Сталин өзі келіп бір қазақты терге­ген жоқ. Тергелуші де, тергеуші де көп жағ­дайда – өзіміз. Бұл шындықтарды ашуға дайын болсақ та, дайын болмасақ та ашу керек, айтылу керек. Оны айтпасақ, шын­дық ашылмайды, өткеннен сабақ ала ал­май­мыз. Шындық айтылғанда ғана біз ұлт болуды, бірлікке келуді үйренеміз.
                    Мансұр ХАМИТ (фото)

Түйін
Тасбай СИМАМБАЕВ, қоғам қайраткері:
– Депутаттар тарапынан мұндай бастама көтерілсе, қолдауға лайық деп есептер едім. Шындығына келгенде, оның геноцид екенін дәлелдейтін тарихи құжаттар күннен-күнге ашылып жатыр. Қазақ өз тарихында небір нәубетті, небір соғыстарды бастан кешті. Бұл саясаттың опасыздығы соғыстан да сорақы дер едім. Егер мұндай геноцидті бастан кешпегенде қазір халқымыздың саны қазіргіден кемінде бес есе көп болары сөзсіз. Ендеше, ешкімнің көңіліне қарап жатпай осындай құжат қабылдау керек. Бір кездері Холокостта геноцид көрген еврейлер қазір Германиядан жыл сайын 1 млрд доллар төлем өтемақы алады. Геноцидтен қырылған қазақтың саны еврейлерден кем емес, артық. Біз өтемақы талап етпесек те, соны мойындауын талап етуіміз керек. Бұл туралы заң қабылдап, БҰҰ-на да геноцид деп тануын талап етіп құжат жолдау керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста