Ауыл мектебінде екі жылдан кем оқыған балаға ауыл квотасын бермеу керек деген пікірмен келісесіз бе?

Ауыл мектебінде екі жылдан кем оқыған балаға ауыл квотасын бермеу керек деген пікірмен келісесіз бе?

Енді біразда қалада оқитындар арасында мектеп ауыстырып, ауылға жиналатындар шыға бастайды. Ауылды аңсап, қаладан қашу үшін емес, әрине. ҰБТ кезінде өзіне ұпай жинау мақсатымен. Иә, иә, кейінгі кездері қалалық жерлерде білім алып жатқан оқушылар арасында соңғы қоңырауға екі-үш тоқсан қалғанда аймақ аралап кететіндер бой көрсете бастайды. Дауымыз жоқ, бұл – олардың құқықтары. Алайда «әдетке айналып барады, арты жақсылыққа апармайды» деген қарсы пікірлер жиі айтылып кетті. Десек те, «кейбір ата-аналар мен олардың балаларының мұндай «тапқырлығының» пайдасы да бар» дейді енді бір мамандар.

Бауыржан Ешмағамбетов, Аягөз қаласындағы К.Бозтаев атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі:
Иә

– Бұл соңғы кездері тым жиілеп бара жатқан құбылыс. Қаланың кейбір балалары мектепті тамамдар кез тақағанда, яғни бір-екі ғана тоқсан қалғанда оқуын әрі қарай ауыл­дық жерлердегі мектепте жалғастыруға әуес­теніп барады. Олардың мұндай қулыққа бару­ларының себебі, әлбетте кім-кімге де белгілі, қолында ауыл мектебінің аттестаты барлар ҰБТ кезінде белгілі бір жеңілдіктерге ие бол­мақ. Бұл бүгінгі күнгі өзекті мәселеге айна­лып барады. Кейбіреулер тіпті осындай жағ­дайлардың алдын алу үшін ауыл баласына бе­рілетін жеңілдікті алып тастауды ұсынып жатады. Менің ойымша, бұл да дұрыс емес.  Ол үшін, ең алдымен, аймақтардағы білім са­па­сын жақсарту керек. Әрине, ауылдағы кадр мәселесі сын көтермейді деуден аулақпын. Дегенмен де ауылдық жерлердегі маман­дардың бiлiктiлiгiн көтеру ауыл мектептерінің материалдық базасын нығайту, оқушылардың iзденуiне, жан-жақты бiлiм алуына жағдай тудыру қажет.
Ай­мақтардағы білім ошақтарында тех­ни­ка­лық база нашар. Көп мектептерде ком­пьютер жоқтың қасы. Болғанымен ғалам­торы жоқ. Қысқасын айтқанда, ауыл ба­ла­лары бірқатар артықшылықтардан шектеліп қалып отыр. Сондықтан ауыл балаларына квота берілу керек. Ал сөз бо­лып отырғандай қулықтарға жол бер­меу үшін құзырлы министрлік осы мә­се­лені қатаң бақылап, оны бол­дыр­май­тын­дай қандай да бір механизмдер жасау ке­рек деп ойлаймын.
Қала оқушысының ауыл баласының несібесіне таласуының басқа да кем­ші­ліктері жетіп жатыр. Атап айтсам, бала жан-жақты, сапалы білім алуына жағдай жасалған мектебінен көп нәрседен қағылған ауыл мектебіне келгенде сабаққа деген ынтасын төменде­тіп алады. Кейбі­реулері «мен қалалықпын» деп сыныптастарына менсінбеушілікпен қарайды. Сонымен қатар оқу үлгерімі тәп-тәуір бала ауылға топ етіп келіп түскенде, барын жоққа айырбастағандай күйге тү­сіп, абдырап қалады. Міне, осындай ба­ла­ның психикасына кері әсер ететін жағ­дай­ларды, былай қарасаң, көзге кө­рі­не бермегенімен ұстаздар қауы­мы жақсы аң­ғарып жатады.
Осыдан біраз уақыт бұрын бір басы­лымнан оқығаным бар. Тіпті қаладан ауылға мектеп ауыстырған балалардың арасында қағаз жүзінде тізімде жүрсе де, сабаққа мүлде келмей, қаладағы ата-анасынан алыстамайтындар жоқ емес екен. Демек, ата-анасы мектеп басшы­лы­ғымен келісіп алулары мүмкін. Мұнымен өмір­ді әлі танып-білмеген ұрпаққа қандай тәрбие беріп отырмыз?..
Қысқасы, сын сәт тақағанда мектеп ауыстырудың астарында сол баланың өз- өзіне сенбеушілігі жатыр дер едім. Өз біліміне күмәнмен қарайтындықтан, қандай да бір жеңілдікке зәру деген сөз бұл. Осыдан келеді де ауыл баласына тиесілі квотаға ортақтасады. Тек квотаға ғана қызығып қоймай, аттестаттағы бағаларын да түзеуді ойлайды. «Екi жеп, биге шығатын» қала балаларының мұндай қылығын өз басым құптамаймын. Ендігі жерде бұған қарсы шара қолданбасақ болмайтын сияқты.

Нәйлә Тоқтарқызы, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессоры:
Жоқ

– Біз неге осы әр нәрсенің көбіне кері жағын есепке алуға асығамыз. Мен ауыл мектебінде екі жылдан кем оқыған балаға ауыл квотасын бермеу керек деген­мен пікірмен еш келіс­пеймін. Өйт­кені оның өзінің тиімді жақтары бар­шылық. Оның өзінде мен айтып отырған тиімді жақтары қазір көпшілік көтеріп жүргендей мектеп ауыстырудың «кері әсерлерінің» жанында таразыға түскенде салмақ­тырақ. Атап айтсам, қала баласы ауылдың өмірін өз көзімен көріп, ауа тынысымен танысады. Қала мен даланың айырмашылығын сезінетін болады. Бұл – қазақ елінің қазығы болған ауыл үшін де, өздері үшін де өзекті. Арасында ата-әжелерінің қолын­да тұратындар да баршылық.  Міне, со­лардың аз да болса ауыл қарияларының тәрбиесін көр­гендерінің несі жаман? Аларынан айырылса да, айтарларын жібермейтін ауыл қарттарының ұрпақ тәрбиесіне берері мол.
Қазақтың ешбір елде жоқ салт-дәс­түр­лері ұмыт болып барады деп дабыл қа­ғып жатамыз, ал ауылдағы ағайын оларды асы­лындай қастерлеп, өшіріп алмауға ты­рысады. Қадір-қасиетін қала­лықтарға қарағанда солар жақсы біледі десем де, артық айтқандық емес. Ұлттық бай мұ­ра­мыз – ауылда. Сол себепті де қала ба­ла­сының біраз ғана болса да ауылда шың­далып, сыналып келгенінің өзі құптарлық емес пе.
Мен бірнеше жыл қатарынан С.Ж.Ас­фен­дияров атындағы Қазақ ұлттық ме­ди­циналық университетінде сабақ бердім. Сонда байқағаным, ауыл баласы мен қала баласының айырмашылықтары айтарлық­тай. Ауыл баласы үлкенге құрмет, кішіге кішіпейіл бола біледі. Ақыл жағынан да қалалықтарға қарағанда ауыл баласы ерекшеленіп тұрады. Міне, осындай жақ­тарын ескерсек, мектеп ауыстырудың өзін­ше пайдасы тиіп жатады.
Сонымен қатар компьютер, ғаламтор сияқты техникалық базасы жеткілікті жер­ден келген бала ауылға келгенде, ондай кө­мектерден қағылып, өз бетінше ізденуге ты­рысады. Соған мәжбүр болады. Бұл де­ген еңбек қой. Тағы бір айта кетері, білімі өзінікімен салыстырғанда көш ілгері екен­дігін көрген ауыл баласы мен қала ба­ла­сы­ның арасында бәсекелестік туын­дауы әб­ден мүмкін. Ауыл мектебінің оқу­шы­ла­ры талпынады, алға ұмтылады. Бұл жа­ман ба?
Ал бәрін бірдей «оқымайды, жалқау­дың амалы» деп сөккеніміз болмас. Егер ба­ла сондай әрекеттерге дейін барып, кво­та мәселесін ойласа, демек, бала бо­ла­шағына алаңдағаны да. Әйтпесе же­ңіл­дік көрсе де, көрмесе де оқымайтын бала, оқы­майды. Оның үстіне мұндай құбылыс жаппай белең алып барады дегенге ке­ліс­пеймін. Ішінара бар, мойындаймын. Бірақ ас­қынып кеткен жоқ.
Мектеп ауыстыруға кімдер мәжбүр бо­лады? Әлбетте баласын ақылы оқытуға ма­териалдық жағдайы жоқтар. Ал қал­талы адамдар қиналып жатпайды. Олар үшін баласын ақылы ЖОО-да оқыта салудың түк қиындығы жоқ.
Бәрін айт та, бірін айт, ауыл мектебінде екі жылдан кем оқыған балаға ауыл квотасын беруге тыйым салуға құқымыз да жоқ қой. ҚР «Бiлiм туралы» Заңының 49-бабы «Ата-аналардың және өзге де заң­ды өкiлдердiң құқықтары мен мiн­дет­те­рi» туралы тармағына сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары, өзге де заңды өкiлдерi баланың тiлегiн, жеке бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымын таңдауға құқылы.

Түйін
Ерұлан Жиенбаев,
Махатма Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры:
– Әрине, тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ. Заңға сәйкес, ата-аналар балаларын республикамыздың кез келген аумағында оқыта алады. Алайда мектеп ауыстыру мақсатты түрде істелініп жатқандықтан, құзырлы министрлік қандай да бір амалын тауып, оған жол бермеу керек сияқты. Әйтпесе тізгінсіз жіберіп алып, ертеңгі күні сан соғып қалуымыз ғажап емес. Әрине ауылға тиесілі квота қалпында қалуы тиіс. Ондай квотаны алып тастауға әлі ерте. Бәлкім, шынымен де, ауыл мектебінде екі жылдан кем оқыған балаға ауыл квотасын бермеу керек шығар? Әйтпесе уақыт өте қатты белең алып кете ме деген күдігім бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста