Бағаның қымбаттауы шылым мен араққа тәуелділердің қатарын азайта ала ма?

Бағаның қымбаттауы шылым мен араққа тәуелділердің қатарын азайта ала ма?

Биылғы жылдың басты жаңалығы – арақ-шарап пен темекі өнімдері бағасының қымбаттауы. Бұл елдің ішімдікке әуестігін азайту және экономикамызды көтеру мақсатында қолға алынған шара екені дау­сыз. Алайда бұл өзгерісті қоғам түрліше қабылдаған сыңайлы. Бірі аталмыш өнім түрлерінің қымбаттауын қалыпты жағдай деп қабылдаса, кейбіреулері арақ пен темекіге деген тәуелділік төмендемейді деп жүр. Расында, арақ-шарап бағасының қымбаттауы шылым мен араққа тәуелділердің қатарын азайтуы мүмкін бе? Біз осы сауал бойынша мамандардың пікірін тыңдап көрген едік.

Қуаныш Айтаханов, сенатор:
Иә

– Арақ-шарап бағасын қымбаттату ар­қылы, ең алдымен, келешек ұрпақтың қауіп­сіздігін қамтамасыз етеміз. Бұл заң жобасы санасын әбден арақ пен темекі би­леп алғандар үшін жасалған жоқ. Ондайлар біреуге жалданып жүріп те қажеттісін ала­ды. Бұл – болашақ ұрпақ үшін жасалып отыр­ған шаруа. Қалай болған күнде де арақ пен темекіге тәуелділердің жолын ке­сетін бірден-бір жол болып отырғанын ай­ту керек.
Бұл өнімдер қымбаттау болып көрініп тұ­ратын болса, арақ пен темекіге бейім емес адамдар бара қоймайды. Қаржысын бас­қа бағытта жұмсайды. Ал арзан болған соң, «осыны ішіп көрейік, неміз кетіп ба­ра­ды» дейтіндер көп қой. Бұл бағыт та өте маңызды болмақ.
 Жалпы, ұлт үшін, болашақ үшін қа­жет. Салауатты өмір салты үшін кешенді іс шаралардың бірі ғой деп ойлаймын.
Мұндай жағдай халықаралық тә­жі­ри­беде баяғыдан бар. Батыс мемлекеттерінде арақ-шарап өнімдерінің бағасы екінің бі­рінің қалтасы көтере бермейтіндей дең­гей­де болғандықтан, халықтың басым бө­лігі аулақ жүреді. Оны қымбаттатпақ түгіл, мүл­дем сатқызбай тастау мәселесін көтеріп отыр­ған елдер де жоқ емес. Қонақүй, мей­рамхана секілді көпшілік отыратын мәдени орындарда арақ-шараптың кез келген түрін ішуге тыйым салынып жатыр. Бұл, бір жағынан, қоршаған ортаны был­ғайды. Темекі түтінінің салдарынан қан­шама емі жоқ аурулар пайда болып, адам­дар өмірден кетіп жатыр. Мемлекетке қан­ша­ма салмақ түседі. Осыны ескерсек, арақ-шарап бағасын көтерудің маңызы өте зор.
Біз де ұзамай осы дәстүрге келеміз. Тыйым жолымен емес, насихат жолымен жүр­гізетін боламыз. Жастарды тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жо­лын­да көп жұмыс жасауымыз қажет. Сол кезде отандық бизнес өкілдері арақ-ша­рап өндірісімен айналысуды қоя бастайды. Бүгінде мұндайлар аз. Жастарымыз зиян­ды әрекеттерден аулақ бола бастады. Осы­дан 20 жылдай бұрын жастарымыз қо­лына ақша түсті болды, жүгіріп барып, сы­ра, шарап алып, темекі шеккенді мәр­те­бе көретін еді.

Мейрам Мұқышев, «Абырой» сайтының редакторы:
Жоқ

– Қай уақытта болсын дүкен сөрелеріндегі шарап пен шылымға деген сұраныс тө­мен­деген емес. Реніші де, қуанышы да көп хал­қымыз бағаға қарамайды. Биыл да Жаңа жыл­ды тойлағандар бағаға қараған жоқ. Дү­кен сөрелері жылдағыдай бос қалды деу­ге де болады. Сол себепті спирттік өнім­дер сау­дасы төмендеп кетті дегенге сену қиын. Арақ-шарап бағасының қымбаттауы шы­лым мен араққа тәуелділердің қатарын азай­та ал­майды. Бағаның қымбаттағанына, міне, он шақты күн болды. Адамдар алып жа­тыр. Ба­ғасы көтеріліп кетіпті деп, кері ай­налып ке­тіп жатқандарды көрмедік.
Ал шылым бағасының қымбаттағаны көп­­шіліктің қалтасына әжептәуір салмақ са­ла­­тыны сөзсіз. Сонда да бас тартып жатқан еш­кім жоқ.
 Бұл жамандық атаулыны, соның ішін­де еліктіргіш заттарды татып көруге даяр тұ­ратын жастарға тоқтау сала қояды деуге се­ну қиын. Үйреншікті әдетінен ары­ла алмай жүр­гендер соңғы тиынын санап беруге әзір. Соңғы жылдары азық-түлік түрі тұрақты түрде қымбаттап келеді. Ба­сын­да тұты­ну­шы­лар аздап ренжіп жатады. Көп ұзамай үй­реншікті жағдай болып шы­ға келеді. Арақ-шараптың қымбаттау үр­дісі де осылай бо­лып шыға келетіні сөзсіз. Бұл – шындық, жа­сырғаннан не ұтамыз?
Қайталап айтамын, ішемін деген адам­ды ештеңе тоқтата алмас. Халық арақ пен те­мекі қым­баттады екен деп үйреншікті әде­тін тас­тай салмайды. Ал тіптен қара­пайым ха­лық­тың қалтасы көтере ал­май­тындай қы­лып қым­баттатып жіберсек те, ештеңе өз­гер­мей­ді. Керісінше, қолдан спирт жасау, ас­ты­ртын цех секілділерді кө­бейтіп аламыз. Бюд­жет қор­жынын тол­тырамыз деп жүріп, кө­леңкелі биз­нестің қал­қасында қалып қой­майық? Қар­жыдан бұ­рын адам ден­сау­лы­ғы ма­ңыз­ды.
Кезінде дағдарыс уақытында мұндай оқиғалар да болды. Арақ-шарақ өнімдерін халық қолдан жасап сатқан жоқ па? Қан­шама адам уланып, қайтыс болып кетті. Лосьон, әтір, түрлі техникалық спирттен бастап, әртүрлі еліктіргіш элемент қосыл­ған сұйықтықтарды ішу оқиғалары бол­ға­нын ұмытпаған жөн.

Түйін
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 5 миллионнан астам адам темекіге тәуелді екен. Күн сайын шылымның зардабынан 70 адам қаза болады. Нақтырақ айтсақ, бір жылдың ішінде елімізде 25 550 адам көк түтіннің зиянынан көз жұмады екен. Ал арақ-шараптың қоғамға әкеліп отырған зиянын айтып жатудың өзі артық секілді. Бұрын бір литр арақ шамамен 500 теңге тұрса, енді ол 600 теңгеге дейін өсті. Алдағы уақытта да арақ-шарап бағасы қымбаттай бермек. 2014 жылға дейін жыл сайын 20 пайызға қымбаттай беретін болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста