Бала 1 жасқа толғанға дейін анасының жұмысқа шығуына шектеу қою керек пе?

Бала 1 жасқа толғанға дейін анасының  жұмысқа шығуына шектеу қою керек пе?

Бүгінде қазақ елі үшін ана мен бала денсаулығы басты назарда тұрғаны баршаға аян. «Дені сау бала – дені сау ұлт» деседі білетіндер. Бағамдасақ, қазірде ұлттың денсаулығын көтергісі келетіндер тарапынан түрлі ұсыныс-тілектер жиі айтылып-ақ жүр. Бұл ретте құзырлы тарап та  қарап қалмай, ана мен балаға көрсетілетін жәрдемақы көлемін жыл сайын ұлғайтып, барынша қамқорлық жасауға тырысып бағуда. Ендігі кезекте қоғамның қайсыбір өкілдері: «Ұлт денсаулығын түзеу үшін алдымен жаңа туған баланың денсаулығы мығым болуы керек. Осыған орай, анасы бала 1 жасқа толғанға дейін сәбиінің күтіміне асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сондықтан біздің қоғамда бала 1 жасқа толғанға дейін анасының жұмысқа шығуына тыйым салу қажет», – деп отыр. Міне,  біз бүгін осы сауалды арнайы мамандардың ой-талқысыны салып көрдік...

Төрегелді ШАРМАНОВ, ҰҒА академигі
Иә

– Мен нақ осы сауал ту­ра­сын­да көптен бері ой қозғап жүр­­ген­дердің бірімін. Өз ба­сым, «баласы 1 жасқа толғанша ана­­сы сәбиіне күтім жасап үйде оты­руы керек» деп есептеймін. Бұл туралы көптеген ортада пі­кі­­рімді ашық айтып жүрмін... Мә­селен, дүниеге келген бала үшін басты қоректі зат – бұл ана­­сының сүті. Мен өзім бес жас­­қа толғанша ана сүтін еміп, ар­да өскен баламын. Бұдан жа­­ман болған  жоқпын. Сен­се­ңіз, осы уақытқа дейін бірде-бір қат­ты ауырып көрген емес­пін. Ананың сүтінен асқан ба­ла­­ға қорек жоқ. Әрбір ана ба­ла­ны жарық дүниеге әкелді екен, ба­ла кем дегенде екі жыл ана сүтімен қоректенуі керек.
Алты айға дейін бала тек ана сүтін азық етуі тиіс. Бұл – ғылыми дәлелденген нәрсе. Ал қазіргі жас аналар біздің бұл пәлсапамызға пысқырып та қарамайды. Ба­ласын қырқынан шығара сала, мансап қуып, жұмысқа шығып кететін аналарды да көріп жүрміз. Бұл дұрыс емес. Арнайы бала күтіміне қатысты ақылы демалысқа шықты екен, міндетті түрде баласын бір жас­қа толтырсын. Міне, ондай «жұмыс­бас­ты» аналарға осыны түсіндіру керек. Егер түсінбесе, Үкімет тарапынан бұған қа­тысты арнайы шектеу қою қажет. Жалпы, біз­дің елдегі заң бойынша қандайда бір декреттік демалысқа шыққан ана баласы 1 жасқа толмай жатып жұмысына қайта оралатын болса, оған бала күтіміне қа­тыс­ты төленетін жәрдемақы төлене береді. Сонда ол ана айлық жалақысын бір алады. Бала күтіміне байланысты төленетін жәр­де­м­ақыны тағы алады. Міне, осындай қа­ра­жат «көз қызықтырған» соң, қайсыбір жас босанған аналар  тезірек жұмысқа шы­ғуды жөн санайды. Бұл үрдіс  күні ертең ұлт­тың денсаулығына кері ықпал ететіні дау­сыз. Сондықтан мұндай әрекеттерге шектеу қойылғаны жөн. Біле-білгенге, біз­дің мемлекетіміз үшін нақ қазір туылған ба­ланың саны емес, сапасы басты қа­жет­тілік. Өзіңіз ойлаңызшы, біз қазір «де­мо­гра­фиялық дүмпу орнатамыз» деп жа­тырмыз. Осындай сәтте саннан гөрі сапаға ба­сымдық беріп, фәни есігін ашқан әр ба­ланың денсаулығы мықты болса,  ұлттың да­муы тежелмейді, үлтымыз одан әрі та­мырлана береді. Міне, осыны  дұрыс на­си­хаттай білсек, бұл мәселе оң шешімін та­бады. Сондықтан кез келген анаға сә­бидің күтіміне асқан жауапкершілікпен қарауы керектігін жүрегімен сезінуі керек. Ал құзырлы тарап ол ананың әлеуметтік жағдайына қам жасауы керек. Бесік тербетіп отырған ана «балам бағусыз-қа­ғу­сыз қалатын болды» деп алаңдайтын бол­са ол – Үкіметке сын. Демек, Үкімет ана-мен балаға беріліп отырған жәр­дем­ақы көлемін бұдан да жоғары көлемде ұл­ғайтып, бала 1 жасқа толғанша ана­сының жұмысқа шығуына үзілді-кесілді шектеу қоюы керек.

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Жоқ

– Жоқ, бұл пікірмен мен ке­ліс­пеймін. Бұл адам құқына жа­татын мәселе болғандықтан, шек­теу қоюға болмайды. Себебі нақ қазір біз «бала 1 жасқа тол­ғанша аналардың жұмысқа шы­ғуына тыйым саламыз» десек, он­да жыл сайын босанатын 200 мыңға тарта ананың құқын бұ­замыз. Өзіңіз ойлаңызшы, біздің елімізде жыл сайын 200 мыңдай ана сәбиді дүниеге әкеледі делік, ал сол аналардың бар­лы­ғының әлеуметтік жағдайы бір­дей емес. Базбір аналардың жағ­дайлары жақсы, үй-жайы жай­лы, отағасының табысы қо­мақ­ты болуы да мүмкін. Әрине, мұндай аналар жаңа туған бала­сының күтімін жасап, үйде отыр­ғанды жөн санайды. 
Керісінше, қайсыбір аналардың әлеу­­меттік жағдайы төмен, отағасының жалақысы орташа болады. Ал мұндайда амал­сыз, бала күтімін жасап отырған ана­ның жұмысқа шығуына тура келеді. Рас, біздің елімізде дүниеге келген әрбір балаға және оның бір жасқа толық толғанша кү­ті­міне арналған балалар жәрдемақысы қа­рас­тырылған. Мысалы, бала туылғанда бе­рілетін бір ретттік жәрдемақы отбасын­да дүниеге келген әрбір бірінші, екінші, үшінші балаға 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 45  360 теңге мөлшерінде беріледі. Баланың күтіміне арналған жәрдемақы отбасындағы баланың туу ретінің санына қарай бірінші балаға – 8 316 теңге, екінші балаға – 9 828 теңге, үшінші  балаға – 11 340 теңге, төртінші және одан кейінгі ба­ла­ға 12 852 теңге мөлшерінде белгілен­ген. Сонымен қатар 2010 жылдан бастап елі­мізде демографиялық ахуалды арттыру үшін сондай-ақ қоғамда көпбалалы ана­лар­дың дәрежесін көтеру мақсатында төр­тінші және одан кейінгі туылған балаларға бе­рілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке де­йін арттырылып, ағымдағы жылы оның мөл­шері 75 600 теңгені құрады. Аталған жәр­демақылардың мөлшері жұмыс істе­мей­тін отбасыларына және отбасының та­бы­сына тәуелсіз төленетінін айта кету қа­жет. Нақты санға жүгінсек, 2010 жылы бізде 329,2 мың адам бала тууына байланысты 15,2 млрд теңге мөлшерінде  жәрдемақы алса, бала күтіміне байланысты жәрдемақымен 130,6 мыңдай адам қамтылып, оған жұмсалған қаржы көлемі 19,1 млрд теңгені құрады. Бұған қоса 2008 жылдан бастап әлеуметтік сақтан­дыру жүйесіне екі қосымша әлеуметтік тәуекел енгізіліп, жұмыс істейтін әйелдерге Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жүктілігіне және тууына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімімен айналысуына байланысты  әлеу­мет­тік төлемдер төленеді.
Осыған орай жұмыс істейтін әйел: а) мем­лекеттік әлеуметтік сақтандыру қо­ры­нан жүктілігі және босануы жөніндегі әлеу­меттік төлемді (табысына қарай); ә) рес­публикалық бюджеттен жоғарыда көр­сетілгендей, әрбір туылған балаға рет са­нына қарай 30 немесе 50 АЕК мөлшерінде бала тууына байланысты біржолғы мем­ле­кет­тік жәрдемақыны; б) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік  төлемді алады, оның мөлшері әлеуметтік аударымдар есептелген табыс­тың 40 пайызын құрайды. Ал әлеу­меттік төлемдердің ең төмен мөлшері  Мемле­кеттік сақтандыру қорынан берілетін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жө­нін­дегі ай сайынғы мемлекеттік жәрде­м­ақының мөлшерінен кем болмайды.
Жалпы, біздің мемлекетіміз – демо­гра­фиялық ахуалды көтеруге, ана мен бала денсаулығына жіті назар аударуға, көпбалалы аналарға қолдау жасауға аса мән беріп отырған елдердің бірі. Білесіз, ана баласына жамандық ойламайды. Егер баласы 1 жасқа толмай анасы жұмысқа шығып жатса, ол да баласының қамы үшін жасалып отырған шаруа. Демек, бұл жер­де ешқандай шектеу қойылмауы ке­рек. Шек­теу қою аналардың құқын бұ­зу­шылық болып табылады.

Бейтарап пікір
Светлана Жалмағанбетова,
Сенат депутаты:
– Меніңше, баланың дені сау, ой-өресі жоғары болуы үшін балаға ата мен әженің тәрбиесі мол ықпал етеді. Сондықтан ата-әже қолқа салып немерелеріне сұрау салып жатса, онда баланы қарияларға беру керек. Сонда баланың анасы да алаңдамай қызметіне кірісе беретін болады. Ал енді «бала 1 жасқа толмай жұмысқа шықса анаға шектеу қою керек болмаса мұндай жағдайда бала күтіміне төленетін жәрдемақыны тоқтату қажет» деген пікірлермен өз басым келіспеймін. Біздің мемлекетімізде бұған қатысты арнайы заң бар. Ол заңда «тайға таңба басқандай етіп» барлығы анық жазылған. Ендігі кезекте сол заң аясында сауатты жұмыс істеген абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста