«Бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына жалақы төлеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына жалақы төлеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Махметғали Сарыбеков мырза Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында қазақстандық бала асырап алушыларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (АЕК) жалақы тағайындау жөнінде ұсыныс жасады. Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылып отырған бұл ұсыныс қабылданған жағдайда жыл сайын республика бюджетінен 11 миллиардтай теңгені қажет етеді екен. Бұл сома еліміздегі жетім балалар санын азайтуға септігін тигізе ме, тіпті ата-аналарды ақшаға қызықтыру арқылы жетім балаларды асырап алуға ынталандыра аламыз ба? Жалпы, «Бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына жалақы төлеу керек» деген пікірге қалай қарайсыз?» деген сауалды мамандарға қойып көрген едік...

Айткүл САМАҚОВА, Мәжіліс депутаты:
Иә
– Әрине, бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына жалақы төленуі керек. Бұл ұсынысты да ең алдымен мен көтеріп, Премь­ер-министрдің қабылдауына арнайы кіріп, мәлімдеген едім. Менің ол ұсынысым Кәрім Мәсімов мырзаның да көңілінен шықты.
Өйткені бұл ұсыныс негізсіз емес. Үкімет ай сайын балалар үйіндегі әрбір сәбиге 75 мың теңге бөледі. Ол қаражаттың 16 мың теңгесі ғана балалар үйіндегі тәрбиеленушіге тиесілі. Сол 16 мың теңге баланың киімі, тамағы, ауырып қалса дәрісіне және сол секілді керек-жарағына жұмсалады. Ал бөлінген ақшаның қалғаны тәрбиешілердің жалақысы мен балалар үйінің коммуналдық төлем­де­ріне кетеді. Бүгінгі күні бала асырап алу­шыларға 30 АЕК көлемінде жалақы тағай­ындау ұсынылуда. 1АЕК 1413 теңге екенін ескерсек, 30 АЕК 42 390 теңгеге тең екен. 
Яғни бұл ұсыныс қабылданған жағ­дайда, бала асырап алушыларға төленетін жалақы жыл сайын балалар үйіндегі әрбір сәбиге бөлінетін қаржыдан да аз мөлшерде болмақ. Бір жағынан, мұндай жолмен бюджет ақшасы да үнемделер еді. Сондай-ақ бұл қаржы бала асырап алғысы келетіндерді де ынталандырып, балалар үйіндегі жетім балалар санының азаюына да ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сондай-ақ бала асырып алғысы келетіндерге де әлеуметтік жағынан көмек болар еді. Өйткені бүгінгі күні бала асырап алғысы келетін, алайда айлығы шайлығына жетпейтін отбасыларға бұл жағдай қолбайлау болатыны жасырын емес. Соның бір айғағы – бүгінде мемлекеттік органдарға қосымша жалақы тағайындауды сұрап, жетім балаларды асырап алған 6,5 мың ата-ана ұсыныс жасаған көрінеді. Тағы бір айта кетер жайт, бұл ұсыныс қабылданған жағдайда жетімдер үйіндегі балалардың кейбір туысқандары өздерінікін асырап алуға тырысар еді. Өйткені балалар үйінде туыстары бар, алайда олардың әлеуметтік жағдайы келмегендіктен, асырап ала алмай отырғандары бар. Ең бастысы, бала ата-ананың, туыстарының жылуын сезініп өсуіне мұрындық болар еді. Егер балалар үйіндегі балалардың тең жартысы осындай жолмен өз бақытын тауып кетсе – үлкен жетістік. Себебі бүгінде кәме­леттік жасқа толған соң жетімдер үйінен шыққан балалар не үйі, не туысқаны жоқ, қаңғып қалатын кездері аз емес. Айта кетер жайт, осы азғантай ақшаға бола есеппен бала асырып алғысы келетіндер болуы мүмкін емес. Өйткені бүгінгі күннің өзінде бала асырап алғысы келетіндердің қатары жалақысыз-ақ көп көрінеді.
Жалпы, көптеген елде жетімдер үйінен бала асырап алғысы келетіндерге көптеген жеңілдік қарастырылған. Мәселен, бала асырап алған отбасы мемлекеттік салықтарды төлеу кезінде жеңілдіктерге ие болуымен қатар, ақшалай жәрдемақы да алады. Ал бізде әлі күнге дейін бала асырап алушыларға мұндай жағдайлар қарас­тырылмаған. Сондықтан бізге де бала асырап алушыларға арнайы жалақы тағайындайтын кез жетті.


Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық қозғалысының жетекшісі:
Жоқ
– «Бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына жалақы төлеу керек» деген пікірмен келісе алмаймын. Өйткені осы жалақыға бола қызығып, бала асырап алғысы келетін­дер­дің қатары күрт артуы мүмкін. Ал бала асырап алу­ға жалақыдан бұрын, үлкен ата-аналық сезім қажет. Шын көңілімен бала асырап алғысы келе­тіндер осы бөлінген азғантай жалақыға қарамайды да. Есесіне тағайындалған жала­қыға бола бала асырап алушылар тарапынан көптеген қиындықтар кездесуі әбден мүмкін.
Егер бала асырап алғысы келетіндерге жалақы тағайындау арқылы балалар үйіндегі балалардың санын азайтуды көздесек, онда оның басқа да жолдарын қарастыруға болады. Ал тек қана ақшаға тіреп қою дұрыс емес. Мәселен, оның есесіне неге біз қоғамдық сананы өзгертіп, отбасы құндылықтарын артты­руға тырыспаймыз? 
Сонда ақшадан бұрын адамгершілік мәселесі алдыңғы орынға шығар еді. Мәселен, шетелдерде бала асырап алушыларға арнайы ақша бөлінеді. Сондықтан олар бала асырап алуға үлкен ынта, ықылас білдіреді. Алайда асырап алған баланы ұрып-соғу, тіпті зорлау секілді оқиғалар оларда жиі кездесіп жатады. Яғни олар бала асырап алу кезінде сол балаға ата-аналық мейірімін төгуден бұрын, асырап алу кезінде иеленетін ақшасын ойлап тұрады. Сондықтан бала асырап алғысы келетіндерді ақшаға қызықтыру – ұтымды жол емес.
Біз жетімдер үйіндегі балалардың санын азайтудың басқа жолдарын мүлдем қарастырып отырған жоқпыз. Мәселен, елімізде бала асырап алғысы келетіндер бұл процестің қаншалықты қиын екенін айтып келе жатқанына қанша уақыт болды? Алайда бұл мәселе әзірге сол қалпы шешілген жоқ. Еліміздегі шын көңілімен бала асырап алғысы келетіндерді неге қағазбастылықтан құтқармасқа? Сондай-ақ шенеуніктер мен аудан, облыс, қала әкімдерін тастанды балалар үйіндегі бір-бір баланың өкіл әкесі немесе өкіл шешесі болуға неге шақырмасқа? Олар қамқорлық көрсетуі арқылы сол балаға бауыр басып та кетер еді. Осы секілді жетімдер үйіндегі балалар­дың өз қамқоршыларын тауып кетудің басқа да сан түрлі жолдарын қарастыруға болады.

Бейтарап пікір
Динар НҮКЕТАЕВА, Мәжіліс депутаты:
– Патронаттық тәрбиемен асырап алып отырғандарға ай сайын жалақы төленеді. Сол секілді бала асырап алатындарға да ай сайын жалақы төленіп отырса, дұрыс болар еді. Жалпы, жетімдер үйінен бала асырап алғысы келетіндерге көптеген жеңілдіктер мен жәрдемдер қарастыруға болады. Мәселен, оларға жалақы тағайындаумен қатар, мемлекеттік салықтардан да босатып, қосымша басқа да көптеген жеңілдік қарастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста