Барлық кәсіпорынға өртке қарсы қызмет мекемесімен келісімшартқа отыруды міндеттеу дұрыс па?

Барлық кәсіпорынға өртке қарсы қызмет мекемесімен келісімшартқа отыруды міндеттеу дұрыс па?

Соңғы кезде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір талаптары қоғам наразылығын тудыруда. Тіпті «барлық кәсіпорынға өртке қарсы қызмет мекемесімен келісім­шартқа отыруды міндеттеу керек» деген талабы әсіресе бизнес қауымдас­тықтың үдере қарсылығына тап болды. Жалпы, бұл талап орын­ды ма, әлде орынсыз ба? Бұл ретте мамандар пікірі екіге айырылды.


Бақытжан МҰЗДАҚБАЕВ, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны:
иә
– ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 25-бабында «Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдарының басшыларына жүктеледi» делінген. Сондай-ақ «кез келген ме­кеме өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мем­ле­кеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға міндет­ті». Мәселен, жеке кәсіпкер дүкен ашсын, кафе, мейрамхана ашсын, тіпті мектептерге дейін өрт қауіпсіздігін сақтауды талап етеміз. Енді ол мекеме болғаннан кейін оған жан-жақтан адам­дар келіп-кетеді. Сондықтан халықтың қауіп­сіз­дігі үшін кез келген мекеме өртке қарсы қыз­меттік жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жерде кәсіпорындар мемлекеттік өртке қар­сы қызмет органдарымен емес, жеке өрт сөн­діру фирмаларымен келісімшартқа отырады.
Өртке қарсы жеке фирмалар мекеме­лерге ұнтақты өрт сөндіргіш, өртке қарсы сигнал беру жүйесін орнатады, өрт болған жағдайда шатырлар тез жанып кетпес үшін шатырларға химиялық қоспасы бар сұйықтықтар жағады. Келісімшартқа отыр­ғаннан кейін өртке қарсы жеке фирмалар кестеге сәйкес орнатқан жабдықтарының барлығын ай сайын тексеріп тұрады. Дабыл қаққыш істеп тұр ма, ұнтақты өрт сөндіргіш таусылып қалмады ма – бар­лы­ғын қада­ғалайды. Ал мектептерге өртке қарсы қауіп­сіздік шараларына бюд­жеттен арнайы қаржы бөлінеді. Өртке қарсы жеке фирмалар тендер арқылы мем­лекеттік мекемелерге түрлі жаб­дықтар орна­татын болады. Бұл жерде өртке қарсы жеке фирма­лардың түрлі өрт­тердің алдын алуға үлкен септігі тиеді.
Шынында да, қазір қарап тұрса­ңыз, көптеген кәсіпорын өрт сөндіру жабдықтарымен толық қамтамасыз етілмеген. Көбі оны орындағысы кел­мейді де. Егер кәсіп­орын­дармен осындай келісім­шарт болса, онда өрт сөндірудің авто­­матты жабдық­тарының барлы­ғы орнаты­латын еді. Бұл біздің жұмысымызға үлкен кө­мек болар еді.
Біздің мақсат – про­филак­тика, яғни өртті бол­дырмау және алдын алу. Біз меке­мелерден өрт қауіпсіздігін сақтауды талап етеміз. Ескі электр сымдары болса, ауыстыруға нұсқау береміз. Себебі өрт мемлекетке үлкен шығын әкеледі. Мемлекетіміздің экономикасына шығын келмеуі үшін өрт қауіпсіздігін жан-жақты қадағалауымыз тиіс. Ал өрт қауіпсіз­дігінің алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық кәсіпорынға өртке қарсы қызмет мекемесімен келісімшартқа отыруды міндеттеу дұрыс.


Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Меніңше, бұл дұрыс емес. Өйткені кәсіп­керлер мемлекетке салық төлейді. Ал өртке қар­сы қызмет, денсаулық сақтау, білім беру меке­мелері – мемлекеттің атқаруы тиіс міндеттері. Еліміздегі кез келген кәсіпорын салық төлеуде мемлекеттік құрылымдарды қамтамасыз етеді. Осы жағынан алғанда олардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесіне қосымша ақы­сыз жүгінуіне толықтай қақысы бар. Сондықтан төтеншеліктердің мұнысын мен дұрыс деп ойламаймын. Қазірдің өзінде еліміздегі кәсіп­орындарға мемлекеттік емес өртке қарсы қыз­метке жүгіну үшін келісімшарт жасау мін­дет­телген. Меніңше, бұлайша министрлік өзіне қарасты «Өрт сөндіруші» АҚ және тағы басқа еншілес компанияларының коммерция­лық мүдделерін лоббилеп отыр. Бұл жемқорлықтың бір түрі деуге болады. Себебі «Өрт сөндіруші» АҚ Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомст­во­лық компаниясы болып табылады.
Кезінде бұл компания мемлекеттік бюджет қаржысынан құрылған. Тіпті әлі күнге дейін компанияның жұмысына, қызметіне, түрлі жабдықтармен қамта­масыз етілуіне мемлекеттің қаражаты пайдаланылуда. Сондықтан мем­лекеттік функцияларды коммер­циялық түрге айналдырып, кәсіп­керлерге қысым көрсетуге бол­­­майды деп есептеймін.
Қазір еліміздегі барлық кә­сіпорын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жү­гінуге мәжбүр, міндетті. Бұл ретте айтарым, кәсіпкерлер өз тарапынан салықты бюд­­­жетке төлеп отыр. Енді неге мемлекеттік мекемелер өз­дерінің қызметін коммерциялап, оларға ақылы қызмет көрсетуі тиіс? Бұл жеке кәсіп­керлерге қолдау емес, керісінше, қолбайлау болып отыр. Сондықтан бұған бизнес қауым­дастық үдере наразылық танытуда.
Тәжірибеден белгілі, ветеринарияны алыңыз, қазір оны жекеменшіктен қайтадан мемлекеттің қарамағына алу мәселесі қоз­ғалуда. Сол секілді «ҚазАгро» АҚ-қа қарасты қызмет түрлері де тәжірибеде өзінің тиімсіздігін көрсетті. Сондықтан өткеннен сабақ алып, өрт сөндіру қызметін жеке­мен­шіктің қолына бермеу керек. Оған халық та, бизнес қауым­дастық та қарсы боларына сенімдімін. Тіпті, керек десеңіз, мұндай келісім­шартқа кәсіпкерлер қол қоймайды. Бұлайша кәсіпкерлерді міндеттеп, мәжбүрлеу еш ақтауға жатпайтын тым өрескел іс болмақ. Сондықтан азаматтардың қорғанысын қам­тамасыз етудің орнына корпоративтік мақ­сатты көздеп кеткен аталмыш министрліктің бұл әрекеті әлі талай сынға ұшырайтын болады. Айналып келгенде, мұның бәрін мемлекеттік органдардың жауапкершілікті салық төлеушілердің мойнына артып қоюға тырысуы деп түсінуге тура келеді. Біз төтеншеліктердің кәсіпкер­лерді міндеттеп, мәжбүрлеуіне жол бермеуіміз керек. Бұл дұрыс емес.

Түйін
 Мамандардың пікірін саралап қарар болсақ, екі жақтың да келтіріп отырған айғақтары орынды сияқты. Расында да, егер «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы жеке құрылым болса, өзге мекемелер өрт қауіпсіздігін арттыру үшін өрт сөндірушілермен келісімшарт жасаса, артық болмас. Алайда бұл шара міндеттеу арқылы емес, түсінік жұмыс­тарын жүргізу арқылы ерікті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Ал егер  «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатынын ескерсек, онда төтен­шеліктердің бұл әрекетін екі асап, би болғысы келетіндердің қылығына теңеуге болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста