Елді мекендерге кісі атын беруді түбегейлі тоқтату керек пе?

Елді мекендерге кісі атын беруді түбегейлі тоқтату керек пе?

Жақында еліміздегі елді мекендерге кісі есімін беруге мораторий жарияланды. Осы уақытқа дейін жер-су атауларын өзгертуге қатысты мәселелер өте көп талас-тартыс туғызған еді. Кейбір мамандар жер-су атауларын өзгерту құзырын жергілікті биліктен алып, бір орталыққа беретін заң керектігі жөнінде ұсыныс жасаса, енді бір мамандар «бұл қызметті орталықтандырғаннан гөрі, арнайы комиссия құру арқылы шешкен жөн» деген пікір айтқан еді. Ал енді бәрін ысырып қойып, елді мекендерге кісі атын беруге уақытша тыйым салынып отыр. Осы орайда елді мекендерге кісі атын беруді түбегейлі тоқтату жөнінде ұсыныс айтушылар да баршылық. Бұл пікірді жақтаушылар «кім көрінгеннің елді мекендерге өз жақын-жуығының атын тықпалауына осылай тыйым салуға болады» дейді. Жер-су атауларына орай туындап отырған пікірлерді көпшіліктің талқысына салып көрген едік...

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты
Иә

– Өз басым елді мекендерге кісі есімін беруді түбегейлі тоқтатуды қолдаймын. Не­гізі, елді мекендерге кісі есімін берудің еш қа­­жеттігі жоқ. Өйткені бұл қазіргі таңда жер­гілікті жердегі қолында билігі немесе қал­­тасында ақшасы барлардың ойын­шы­ғы­на айналды. Біреу бірдеңе қылып, елді ме­кенге бүгін өзінің атасының атын өткізсе, уа­қыт өте тағы біреу келіп, бабасының есімін ұсы­нады. Осылайша, бұл үрдіс жалғаса бе­ре­ді.
Елді мекеннің бүгінгі атауы – ертеңгі тарих. Ендеше, тарихты бұлай ойыншыққа ай­нал­дыруға бола ма? Бүгінгі таңда елді мекендерден аты да, заты да белгісіз адамдардың атын көп кездестіреміз. Мұны істеп отырған — жақын-жуығының атын шығарғысы келетін, жер­гілікті жердегі қолында билігі бар адам.
 Көшеге көкесінің, ауылға атасының атын беретіндерге түбегейлі тыйым салу арқылы ғана тоқтата аламыз. Бұл жө­нін­де Елбасының өзі кезінде қалаларға кісі атын бермеу туралы пікір айтқан болатын. Мен де осы пікірді қолдаймын. Тереңіне үңі­ле білсек, әр өңіріміздің тарихи, байыр­ғы атаулары бар. Тарихи атаулардың ма­ғы­налылығы соншалық, жердің бедері мен орналасуына қарай дәл тауып қойыл­ға­нына еріксіз таңғаласың. Мамандар осы атауларын зерттеп, қайтарса, нұр үстіне нұр болар еді. Бір ауылдың атауын бір адамның атына меншіктей салғаннан гөрі, байырғы атауларын зерттеп қайтарудың маңызы өте зор. Бір адамның атымен атай салу көпшіліктің көңілінен шықпай, кері­сін­ше, ренішін туғызуы да әбден мүмкін.
Осы орайда айта кетер жайт, депутат­тар да талай рет ономастика туралы заң қа­былдамай, жер-су атауларына қатысты мәселелерді шешу мүмкін еместігін талай рет айтып, мәселе көтерді.Тіпті заң жоба­сы­на дейін жасап, Үкімет назарына ұсы­н­ды. Бірақ мәселе әлі шешімін таппай жа­тыр. Тәуелсіздік алғанымызға 20 шақты жыл өтсе де, әлі күнге дейін атауы қаза­қы­лан­баған жер-су, көше атаулары өте көп. Шынына келсек, жер-су атауларына қа­тыс­ты мәселенің әлі күнге дейін рет­тел­меуі­нің өзі осы арнайы заңның жоқтығынан туын­дап отыр деуге де болады. Заң жү­зін­де осы мәселелердің бә­рін реттесек, бүгін­де  мұндай әңгіме туын­дамаған да бо­лар еді. Әлі де болса жер-су атауларын тәуел­­сіз мем­лекеттің мүддесіне қызмет ете­­тіндей қы­лып заңмен реттеп, бір тәртіпке келтіру керек.

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, қоғам қайраткері
Жоқ

– Жоқ, елді мекендерге кісі атын беруге тыйым салудың қажеті жоқ. Өйткені мұндай тыйым салу арқылы біз осы саладағы қор­далаған мәселелерді шеше алмаймыз. Негізі, 20 жыл ішінде талай белесті ба­ғын­дырып, іргелі мемлекетке айналған елі­міз үшін мұндай шаралар шешімі қиын мә­селеге айналмауы керек еді. Өкінішке қарай, әркімнің көңіліне қарап, жалтақ күй кешіп отыр­ға­ны­мыз­дың арқасында елімізде әлі күнге қазақ­ша­ланбаған қала, аудан, елді мекен атаулары өте көп. Астана маңайы, Арқа, Шығыс Қазақ­стан облыстарында қаза­қыланбаған елді мекен атауларынан көз сүрінеді. Сол­түстік Қазақстанда Мағжан Жұмабаев, Сегіз сері, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов ау­дан­дарынан басқасының бәрі дерлік – орыс­ша атаулар.
 Сондықтан реті келсе, қазақы­лан­ба­ған ауылдарымызға сол өңірді дамытуға еңбегі сіңген немесе сол өңірден шыққан белгілі адамдардың атын берсек, ештеңе­ден ұтылмас едік. Тек сол атауларды беру кезін­де алдын ала арнайы құрылған ко­мис­сияның елегінен өткізу қажет. Әйтпесе, кім көрінгеннің білдей бір ауылдың атын иемденіп кететіні де рас. «Ел іші — алтын бесік» дегендей, әр ауылдан шыққан бел­гілі адамдар баршылық. Тек соларды дәл табуымыз қажет. Ауылдарға сол өңірден шыққан тұлғалардың есімін беру арқылы ке­лер ұрпаққа сондай болуға ұмтылуды насихаттауға болады. Қанша айтқанмен, кішкентай балаға өз ауылынан шыққан белгілі тұлғаның жеткен жетістігі жақсы әсер етеді. Әрі сол өңірден шыққан белгілі адамды туған жерінен артық ешкім дә­ріп­тей алмайды. Сондай-ақ Абылай хан, Ба­рақ сұлтан, Төле, Қазыбек, Әйтеке би­ле­рі­міздің қайсысы болсын — ауыл түгілі, қала атын беруге тұрарлық тұлғалар. Ендеше, олардың атын дәріптеуден неге тартына­мыз?! Тіпті Қонаев атамыздың өзі — бір қаланы ием­денуге тұрарлық тұлға. Сон­дықтан осыны ойластыру керек.
Тағы бір айта кетерлік жайт, үлкен қа­ла­лар мен аудандарға бұрынғы тарихи атын қайтарып, ал кішкентай ауылдарға кісі есімдерін беру керек. Ал олардың талапқа сай болуын арнайы комиссия тек­серіп отырса, артық мәселе туындамас еді. Жақында Талдықорған қаласына қарас­ты Абай елді мекеніне Көшкентау деген бұрынғы атын қайтарды. «Көшкентау» атауы құлаққа қандай жағымды естіледі! Егер әр өңірдің осындай атауларын зерттеп, қай­тар­сақ, тіпті дұрыс болар еді. Рас, Абай деген атауы да жаман емес, бірақ Абай аты берілген ауылдар жетерлік, ал өзінің байыр­ғы атауы, қанша айтқанмен, жақсы естіледі. Тағы бір айта кетер жайт, кейбір кезде асыра сілтеп, қазақша атауларды қай­тадан қазақша өзгертіп, әлек болып жа­тамыз. Одан да Солтүстік облыстағы 90 пайыз орысша атауларды иемденген елді мекен атауларын қазақшаға айналдыруға тырысу керек. Сондай-ақ кім көрінгеннің атын елді мекенге беруге сақ болу керек. Өйт­кені кейін олардың атауын қайтарып алу­дың өзі қиындық тудырады.

Бейтарап пікір
Смағұл ЕЛУБАЕВ,
Алматы қалалық ономастика комиссиясының мүшесі, жазушы:
– Тәуелсіздік алған уақыттан бері жер-су атауларын нақтылап, бұрынғы та­ри­хи деректерге негіздеп белгілеуде біраз шаруа атқарылды. Ресми ста­тис­ти­каға сүйенсек, бес облыс, 13 қала, 53 аудан, жеті қалалық ау­дан, 43 теміржол стан­сасы мен бекеттерінің атаулары өзгертіліп, алты облыс, 12 қала, 14 аудан, 76 темір­жол стансасы мен 30-дан аса елді мекен атауларының орыс тілін­дегі транскрипциясы анықталған екен. Де­генмен біздің елімізде әлі де болса өзінің тарихи атауларын алмаған қалалар мен елді мекендер же­тіп-артылады. Мәселен, шекара төңірегіндегі кейбір елді мекендер әлі күнге ол өңірдің тарихына еш қатысы жоқ атауларды иемденіп тұр. Сол секілді Сол­түстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да ұлтымызға үш қайнасы сорпасы қосылмайтын елді мекен атаулары саптан қалмай келеді. Осы орайда мо­раторийдің жариялануы осы саладағы орын алып жатқан ретсіздікке тос­қауыл болып, атқарылып жатқан істерге сараптама жасауға мүмкіндік туғызса, дұрыс болар еді. Негізі, өз басым кісі атауларынан гөрі, тарихи жерлеріміздің атаулары­ның қайтарылуын қолдаймын. Кеңестік кезеңде саяси мақсатта қойылған атаулар бірінші кезекте жойылуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста