Электр энергиясын үнемдеуді жеке тұтынушыдан ғана талап ету керек пе?

Электр энергиясын үнемдеуді жеке тұтынушыдан ғана талап ету керек пе?

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Табиғи монополияларды қорғау агенттігінде өткен алқа мәжілісінде электр энергиясын үнемдеу мәселесіне тоқталып, үнемшілдікті халыққа түсіндіруден бастау керек екенін айтқан еді. Себебі Кеңес үкіметі кезінде электр энергиясын үнемдеу дегенді білмеген жұртқа біраз түсіндіру жұмыстары қажет екені белгілі. Алайда қоғам арасында электр энергиясын үнемдеуді халықтан емес, мемлекет өзінен, үлкен компаниялардан бастау керек деген пікірлер бар. Себебі анау айтқандай ысырапшылдық халықтан емес, үлкен компаниялардан да болып жататынын ескеру керек дейді ондай ой айтатындар.

Мәди ДӘУІТХАН, Пәтер иелері кооперативінің бас инженері:
Иә

– Электр энергиясын үнемдеуге мектептен бастап баулу керек. Жалпы, отбасында балалықтан бастаған жөн дер едім. Тәуелсіздік кезеңіндегі ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу оңайырақ деп ойлаймын. Ал Кеңес үкіметінде өмір сүріп қалған буынды электр энергиясын үнемдеуге үйрету қиындау болар. Себебі ол кезде электр энергиясы су тегін болғандықтан, оның қадірін де біле бермеді. Электр энергиясын үнемдеуге қатысты идеология жүргізсек те артық болмайды. Мәселен, Кеңес үкіметі кезіндегі идеологияның күштілігі сонша, тіпті қанға сіңіп қалды. Үнемшілдікке де байланысты осындай идеология болса, нәтижесін көрер едік. Бұл – ысырапшылдық проблемасынан шығудың бір жолы.
Тағы бір жолы – әр үйге электр қуатын есептеуіш құралдарын орнату.  
Қазір ескі үйлердің көбінде есептегіш құралдары жоқ. Ондай пәтерлерде ысырап тіптен көп болады. Себебі есептеуіш құралы жоқ адамдар үйіне су, жарық тегін келіп тұрғандай көреді. Сол себептен де, суды есепсіз жұмсайтындар бар. Туған-туысқандары бүкіл кір-қоңын сол үйге апарып жуатындарды да кездестіреміз. Ал есептеуіш құралы бар кейбір үйлер өзіне керекті суды тамшылатып қою арқылы да жинап алатынын көріп жатамыз. Міне, олар судың да сұрауы бар екенін білетіндер. Ысыраптан аузы күйгендер. Коммуналдық қызметке ай сайын он мыңдап ақша төлеп тұратын болса, кімнің артық шомылғысы келе береді дейсің. Сондықтан да, ол міндетті түрде электр энергиясын үнемдейтін болады. Әрине, мемлекеттің электр қуаты таусылып жатыр ғой деп емес, өзінің қалтасы жұқарып жатқанын көріп үнемдейді. Міне, осылайша, халық үнемшілдікке де үйренеді.
Қазіргі жаңадан салынған үйлерде жылу реттегіш құралы бар. Мұндай құрал негізінен, әр үйде тұруы тиіс. Бұл да – энергияны сақтауды, үнемдеудің тиімді жолы. Сыртқы температураға қарап, пә­тер­лердің ішкі температурасын реттеп оты­рушы құрал ғой бұл. Мұндай құралдың жоқ­тығынан халық терезелерін ашып тас­тап отырады. Үйлерді жылытамыз деп жақ­қан көмірдің бәрі терезеден шығып ке­те­ді. Ал көптеген азаматтар үйлеріне кон­ди­ционер сатып алады. Былай қарасаң, ол да электр энергиясын шығындауға әкеп со­ғады. Сондықтан да халыққа жаппай тү­сін­діру жұмыстарын жүргізуді қолға алу керек.

Мұрат ӘБЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
Жоқ

– Кейбіреулер электр энергиясының тарифін көтеру арқылы халықты үнемшілдікке тәрбиелейміз деп ойлайды. Мұндай ұғымды дұрыс деп санамаймын. Себебі біз бұл арқы­лы халықты күнделікті өміріне қажет техно­ло­гияларды пайдаланудан шектейміз. Бұл арқы­лы біз енді-енді аяғынан тұрып келе жат­қан, жаңадан ғана үйіне кір жуатын машина, ком­пьютер, кондиционер алам дейтін ауыл тұр­ғындарының қолын байлауымыз мүмкін. Менің ойымша, үнемшілдікті халықтан емес, мемлекеттің өзінен бастауымыз керек.
Соңғы ақпарат бойынша, кейбір үлкен ком­паниялардың электр жүйелерінде 25 пайызға дейін электр энергиясын жоғалту бар екен. Осыншама электр энергиясын жоғалту жағдайы бола тұра азаматтарға «үнемде» деп айту, еш қисынға сәйкес келмейді. 
Мен бірінші кезекте электр энергиясын үнемдеуді Үкімет өз тарапынан халыққа көрсету керек деп есептеймін. Біріншіден, инвестициялар тарту арқылы, қуат жоғалтуды азайту керек. Екіншіден, қаладағы электр жүйелері жаңа техноло­гиялармен қамтамасыз етілуі қажет. Мәселен, көшелердегі, офистердегі электр шамдары көбіне күндіз де жанып тұрады. Автоматты түрде жарықтарды өшіретін технологиялар қолданбаған. Осындай мемлекетке қатысты шараларды Үкімет қолға ала бастаса, жөн болар еді.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан салынып жатқан мектептерде, ауруханалар­да Қытайдың сапасы төмен, жылу ұстамайтын терезелері орнатылған. Электр шам­дары да – қуатты үнемдемейтін тех­нологиялар. Сол сияқты мемлекеттік бағ­дарламамен салынған үйлерді салғанда да қаржы үнемдейміз деп, сапасыз технологияларды пайдаланып жібереміз. Сөйте тұра, біз тұрғындарға үнемшілдікті үйретеміз дейміз. Мәселен, Ресей қазір жаппай электр энергиясын үнемдейтін электр шамдарын қолдануға кірісті. Тұр­ғындарын да осындай шамдарға көшуге шақыруда. Ал бізде ондай шамдардың бағасы өте қымбат тұрады. Мемлекет, ең құрығанда солардың бағасын арзанда­тудың жолын қарастыруы керек. Елімізде зауыт салынып, соған мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе, өзімізде өндірілген электр шамдары арзан болар ма еді? Біз қазір Қытайдың мың теңге шамасында тұ­ратын шамдарын сатып аламыз, ал ол көп­ке шыдамайды.
Тағы бір мәселе, Қытайда үкімет мем­лекет тарапынан жағдайы төмен халыққа салынатын үйлердің үстіне күн сәулесінен қуат бөлетін батареялар орнатып береді. Олар қыруар қаржы бөліп, электр желісін тартып әуре болмайды. Қытай елі қашанда үнемдеуге бейім тұрады.
Жалпы қазақ – ысырапқа жол бермейтін халық. Менің әкем жүрген жерінде босқа жанып тұрған шамдарды өшіріп, ысырап жасамайды. Қазақтың қай үйіне барсаң да осыған куә боласың. Сондықтан да ысырапқа жол бермейтін халықтан үнемшілдікті талап еткенше, мемлекет өзі үнемшілдіктің жолдарын іздеу керек.

Түйін
Еуропаның көптеген елдерінде далада тұратын шамдар көбіне күн сәулесінен энергия алатын батареялардың күшімен жанады. Күні бойы жинаған қуатын түні бойы шашып тұрады. Қуат көзін үнемдеуді мақсат еткен елдер осындай технологияларға көшіп жатыр. Кейбір елдерде мемлекеттің энергиясына ортақтаспай, көптеген тұрғын үйлердің шатырын күн сәулесінен энергия алатын батареялармен қаптап тастайды. Егер де мемлекет бүгінде осындай балама қуат көздерін іске қосуды жүйелі түрде қолға алса, үнем деген мәселе өздігінен шешілер ме еді?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста