Елімізде полемика дәстүрі, саяси айтыс мәдениеті қалыптасқан ба?

Елімізде полемика дәстүрі, саяси айтыс мәдениеті қалыптасқан ба?

Еліміздегі саяси сарапшылар «қазіргі Қазақстан қоғамына полемика дәстүрі жетіспейді» деген пікір айтқан болатын. Бұл тұрғыда «саяси айтыс мәдениеті қалыптасқан батыс елдерінен үйренеріміз көп» дейтіндер де, «пікірсайыс, полемика біздің елде де бар» деген көзқарастағылар да жетерлік. Ендеше, саясатта жүрген азаматтарымыздың пікіріне зер салсақ.

Ғарифолла Есім, сенатор
Иә

– Біздің қоғамда ашық пікірталас бар. Дис­куссия мәдениеті жоқ дейтіндерге айтарым, бүгінгі сауатты қоғамда өмір сүріп жатқан білікті азаматтар пікірсайыстың бірнеше түрін қа­лыптастырып отыр. Кез келген бұқаралық ақпарат құралын алып қарасаңыз, саясат, мәдениет, дін, тіпті жекелеген тұлғаларға қатысты да пікірталастар жүргізіліп жатыр. Басылым беттерінде көзқарастары қайшы азаматтар өздерінің пікірлерін білдіру арқылы полемиканы қалыптастырып отырған жоқ па? Бұрындары орыстілді басылымдарда ғана осындай дүниелер болатын еді, қазір қазақтілді газет-журналдардың барлығында да пікірталасқа орын бар. Оппозициялық ақпарат құралдары біздегі полемика дәстүрінің, саяси айтыс мәдениетінің бар екенін білдіреді. Тағы бір айта кететін жайт, кез келген мәселенің туында­уына қажеттілік болуы шарт. Яғни себепсіз ештеңе туындамайды.
Дәл сол сияқты саяси талас-тартыс, по­лемика болуы үшін оған антология бо­луы керек. Бізде неге саяси партиялар ара­­сында айтыс жоқ? Себебі айтысуға қау­­қарлы саяси партия жоқ. Өткен пре­зи­дент сайлауы бұл мысалымды нақтылай түс­ті. Оппозициялық партиялар бірлік көр­­­­сетіп, өздерінің тегеурінді екендерін дә­­­­лелдейтін бағдарламаларын қоғамға ұсы­на алмады. Дәл қазір қоғамды екі түр­лі пі­кірге жарып жіберетін жағдайдың бол­­мауы – нақты себептің жоқтығынан. Яғ­ни халық бір идея төңірегіне шоғыр­лан­ған­дықтан, шу-шұрқан, ырду-дырду бол­майды. Бізде «пікірсайыстар жоқ, бір­жақты» деген ой-пікірлермен мүлде ке­ліс­пеймін. Қазір қоғамдық-саяси пі­кір­сайыс клубтары жұмыс істейді. Олардың тұ­рақты отырыстары ақпарат құралдары ар­қылы кеңінен насихатталып жатыр. Сая­си айтыс қазақтың тарихына таңсық емес. Егер ұлтымыздың өткеніне көз жү­гірт­сеңіз, қазақ үшін саяси айтыс, «дат!» сұ­рау сияқ­ты демократияның негізгі эле­мент­тері бұ­рын­нан болғанын аңғарасыз. Ақын, жы­рау­лардың өлеңмен пікірсайыс жасағанын жақ­сы білеміз. Ең бастысы, қа­зіргі кезеңде пікірсайыстарға еркіндік беріліп тұрға­нын­да. Егер мүдделер қақты­ғы­сы орын алып, халық әртүрлі көз­қа­рас­тың жетегінде кет­се, онда айтыс-тартыстар өз­дігінен шы­ға­ды. Оған шектеу жоқ. Ал қазіргідей тұрақты қоғамда сенсациялық пі­кір­сайыстардың болмауы заңдылық. Де­сек те, біз диалогке көшуіміз керек. Яғ­ни сұхбат орнатуымыз шарт. Көзқа­рас­тары әрқилы азаматтар, саяси партиялар бол­сын бір-бірінің пікірін тыңдай, қа­дірлей білуі керек. Ал енді қара­ма-қайшы пі­кір айтқан субъектіні жермен-жек­сен ету дегеніміз – большевизмнің қал­дығы.

Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы
Жоқ

– Бізде полемика дәстүрі қалыптаспаған. Ал полемика дәстүрі қалыптаспағаннан кейін, саяси айтыс қайдан болсын? Полемиканың жоқтығының айқын дәлелі – еліміздегі пікірсайыс клубтары мен орталықтарының саусақпен санарлықтай өте аз болуы. Бұрындары қайта екі-үш клуб болушы еді. Қазір мақтанғаным емес, пікірсайыс клубтарынан «Айт­Park» қана қалды. Енді сол «АйтPark»-тың отырысына қоғамдағы күйіп тұрған проблемалардан хабары бар азаматтарды шақырамыз. Бірақ солардың бәрі келмейді. Мәдениеттің жоқтығынан шығар, шақырған адамдарымыз жауапкершілікті сезінбей, көп жағдайда бізді ақпарат құралдары өкілдерінің алдында ұятқа қалдырып жатады. Біздегі саяси айтыстың қалыптаспағанының бірнеше себебі бар. Мысалы, қоғамда алыпқашпа әңгімелер көптеп туындап отырады. Сонда мұндай ақпараттардың жалған екенін дәлелдеп пікір білдіретін ешкім болмайды ғой.
Осындай үлкен проблемалар сая­си пі­кірталастарда талқылануы ке­рек. Сон­да ғана саясаткерге, мемлекеттік қыз­­мет­­кер­лерге қоғам иланады. Әлеу­меттік жа­ры­лыс­тар пыш-пыш әңгімеден туын­­дай­ты­нын естен шығармауымыз ке­рек. Мы­­са­лы, қазір қоғамда алып-қаш­па әң­гі­ме тү­рінде жүрген сансыз сауал бар. Осы са­уал­дарды ортаға са­лып, қоғам­дық пікірсайыс ұйым­дас­ты­райын десең, аза­маттық пі­кі­рімен шы­ғатын адам тап­пай қаласың. Спорт та­қы­рыбында сөй­лей­тін ла­уазымды аза­мат­тарды ша­қы­рып жүр­ге­німе бір жыл болды. «Азиа­да ке­зінде бюд­жеттен бө­­лін­ген қо­мақты қар­жыны жым­қы­рыпты» де­­ген гу-гу әңгіме өріп жүр. Енді осының рас-өті­рігін дә­лел­­деп шы­ғатын біреу болса, «АйтPark-ке» келсе екен деймін. Қоғамда күңкіл әң­гіме көп. Мұ­ның бәрі қордаланып кет­се, мем­ле­кет­ке, қоғамға зиян әкеледі. Мен ай­тып өт­кен проб­лемалардың бар­лы­ғы біз­де әлі полемика дәстүрінің жоқ­ты­ғын біл­ді­реді. Мысалы, батыс елде­рін­де, тіп­­ті көршілес Ресейдің өзінде теле­ар­на­лар арқылы қоғамдық-саяси де­баттар, теле­де­баттар тұрақты түрде жүргізіліп тұ­рады. Міне, бұл елдерде саяси айтыс то­лықтай қалыптасқан. Халық та соған үйреніп қал­ған. Аталған бағдарла­ма­лар­ды үзбей кө­реді. Қоғам­дық пікір қа­зан-ошақтың қа­сын­да қа­лып­тасса қауіпті болады. Ал пі­кір­сайыс алаңында сөз таластар арқылы қалыптасқан қоғамдық пі­кір, керісінше, қо­ғамға қызмет етеді. Әлеу­меттік қы­сым­ды реттеп, жарылысқа жол бермейді.

Бейтарап пікір
Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА,
Мемлекет тарихы институты Еуразия бөлімінің бастығы:
– Осы бағытта қызмет етіп отырған «АйтPark», «Темірқазық» пікірсайыс клубтары, жастардың «Азамат» клубы бар екені белгілі. Бірақ пікірсайысқа қатысушылар ой, идея таластырғаннан гөрі бірін-бірі кінәлауға, өкпе айтуға көшеді. Саяси айтыстың басты қағидалары – екінші адамның пікірін тыңдау, сыйлау, оның ар-намысына тимеу т.б. Сондықтан саяси айтыс мәдениеті туралы айту ертерек. Кезінде кеңестік дәуірде идеология қыспағынан бөгде ойға, идеяға жол берілген жоқ дейміз, ал бүгінгі күні идеологиялық және саяси әралуандылық бар. Еліміздің Ата Заңы бойынша, сөз бен шығармашылық еркiндiкке кепiлдiк берiлген. Өкінішке қарай, осы сөз құдіретін пайдаланып, балама ой айтылғанымен, оған қарама-қарсы пікірді қабылдауға дайын емеспіз. Бұл тек саяси мәдениеттің ғана емес, жалпы мәдениеттің кемшін екенін көрсетеді. Осыған орай, ЖОО болашақ мамандарды дайындау барысында «Саяси шешендік», «Саяси шешендік мәдениеті» курстары оқылса дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста