Еліміздегі прокатқа шығатын отандық және шетелдік киноөнімдерді тіркеуден өткізу керек пе?

Еліміздегі прокатқа шығатын отандық және шетелдік киноөнімдерді тіркеуден өткізу керек пе?

Кино – шығармашылық туынды, кино – саясат, кино – идеология... Қазіргі таңда әлемдік киноөндірістің қарыштағаны соншалық, қандай фильмді көру, көрмеу керектігін таңдау былай тұрсын, өз талғамыңнан жаңылысасың. Қазақ киносының саны мен сапасы өзгелерге бәсекелес бола алмай отырғандықтан болар, оларды таңдап көру туралы әңгіме қозғау әлі ерте. Өйткені елімізде 65 кинотеатр, 200 кинозал болса, ондағы көрсетілетін картиналардың 70 пайызын – голливудтық фильмдер, 20 пайызын ресейлік фильмдер құрайды. Өзімізге тиістісі – 3-4 пайыз ғана. Шетел бізге қай фильмін тықпаласа, соны көріп, мәз болып жүрміз. Одан қалса, өзіміздегі жекелеген студиялар түсірген сауатсыз фильмдер де әр жерден бір жылтыңдайды. Фильмдердің астарында нендей саясат жатыр, ұрпағымызды қандай фильмдермен тәрбиелеп жүрміз? Осы мәселеге де бас қатыратын уақыт жеткен сияқты. Прокаттан пайда тауып, рақатын көріп жүргендердің қамын ғана ескермей, ұлтымыздың мүддесі үшін елімізде прокатқа шығатын отандық және шетелдік киноөнімдерді тіркеуден өткізгеніміз дұрыс па?


Сатыбалды Нарымбетов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, кинорежиссер:
иә
– Қазақстандағы кинотеатр­ларда жүріп жатқан отандық және шетелдік фильмдерді, теле­арна­ларымыздан көрсетілетін кино­өнім­дерді міндетті түрде тіркеуден өт­кізу керек. Естуімше, ҚР Мәде­ниет және ақпарат ми­нистрлігінің жа­­нын­да осы про­катқа шығатын киноөнімдерді бақылаумен айна­лысатын бөлім бар. Бірақ олар дұрыс жұмыс істемей ме, әйтеуір, оған ешкім бағынбайтын секілді. Сондықтан біздің кинотеатр­ла­ры­мызда кез келген шетелдік фильм және елі­міздегі жеке­леген кино­сту­дияларда түсірілген түрлі фильм­дер емін-еркін көр­сетіле береді. 
Нарықтық экономика заманы дедік те, прокатымыз тым ашық болып кетті. Мем­лекетіміздің ішкі саясатына сай кел­мей­тін дүниелер қаптады. Сондай-ақ отан­дық телеарналарымызда өзіміздің ұлттық та­нымымызға сай келмейтін Ресейдің көп­теген бағдарламалары бірінен кейін бірі жү­ріп жатады. Осындай бағдарламалар­дың бізге керегі бар ма? Жоқ. Оны көретін адам­дар бар болса, спутниктік те­ле­ар­на­лардан-ақ көре берсін.
Кинотеатрларға баратын көрерменнің кө­бі – жастар. Еліміздің болашағын сеніп тап­сыратын ұрпағымызды қандай кинолар тәр­биелеуде? Кино – үлкен идеологиялық қа­ру ғой. Тәуелсіз елде отырып, жат елдің сая­­сатының жаршысы болып отырған фильм­дерге тосқауыл қоя алмауымыз дұ­рыс емес. Шетелдік фильмдерді про­кат­таудан біздің елімізге ешқандай пайда тү­сіп отырған жоқ. Өйткені шетелдік фильм­­дерден табыс тек сол кинотеатрлар бас­шыларының қалтасына ғана түседі. Ал қа­зақ киноиндустриясының дамуына про­каттан еш пайда жоқ. Өйткені бізде әлі күнге «Кино туралы заң» қа­был­дан­бады. Тағы бір айта кетер мәселе, біз­дің жоғары жақта отырған кейбір бел­сенділеріміз фильмнің титрына мән бермейді. Титрда Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» деп жа­зылсын, жа­зылмасын, әйтеуір қа­зақ ки­но­сы­ның бәрін ки­но­сту­дия­­­ның туын­дысы деп қа­­был­­дай­ды. Сөй­тіп, олар біз­дің бақ­шаға тас лақ­тырады. Мен та­лай рет осы мәселені бас­­па­сөз беттерінде, теле­ар­на­лар­да берген сұх­бат­та­рым­да айтып жүрмін. Кә­сіби киностудия мен же­ке­леген киносту­диялардағы ки­но­өнім­дерді шатастыруға бол­май­ды. Сон­дықтан кез келген отандық фильм ең алдымен сценарийден бастап тір­кеуден өтіп, содан кейін ғана фильм тү­сіруге рұқсат берілуі керек. Кино түсіріліп бол­ған соң да дайын өнімнің прокатқа жі­бе­рілу, жіберілмеу мәселесі қа­рас­ты­рылғаны жөн. Фильмдердің идеясы мен а­с­тарынан бөлек, оның шығармашылық дең­гейі де саралануы тиіс. Тір­кеуден өту үшін белгілі бір шарттарға сай жә­не сүзгіден өткені дұрыс. Меніңше, Мә­дениет және ақпарат министрлігінің жа­нын­дағы прокат мәселесімен айналысатын бө­лімнің жұмысын жандандыру керек. Отан­дық және шетелдік фильмдерді тір­кеу­ден өткізу үшін комиссия мүшелеріне бі­лікті мамандар, кино саласын терең білетін адамдар тартылуы керек.


Рүстем Әбдіраш, кинорежиссер:
жоқ
– Киноөнімдерді тіркеуден өт­кізуді белгілі бір тұрғыда цензура деуге болады. Жалпы, өз басым шы­­ғармашылыққа қандай да бір шектеу қоюға қарсымын. Ал әр ре­­жиссердің туындысын белгілі бір шарттарға сай тіркеуге алу де­ге­німіз – суретшінің шабытын шек­теу. Әсіресе біздің қазақ қан­дай да бір цензураны өз пайдасына қарай икемдеп, қолы­нан ештеңе кел­­мей­тіндер, өзгелерді көре ал­май­тын­дар ұпайын түген­деп жата­ды. Сон­дықтан біз өз киномызды қорғау үшін әлемдік киноин­дус­трия­да қолдау тапқан, тәжі­рибеде қолда­ныл­ған белгілі бір норма­тивтік заң­дарды зерттеп, қарас­тыруымыз керек.
Айталық, Еуропаның көптеген ел­­дерінде прокаттағы фильмдерге бел­гілі бір нормативті талаптар қойы­лады. Мы­салы, «қандай киноны не­ше жас­тан неше жасқа дейінгі кө­рер­мен кө­ре алады? деген секілді. Еуропа ел­дерінің ішінде Франция мемлекеті ки­нопрокат мәселесін дұ­рыс жол­ға қойған. Олар өз­де­­рінің кино­театр­ларында көр­сетілетін Аме­рика фильм­де­ріне қосымша са­лық са­ла­ды. Сөйтіп, ше­тел­дік фильм­дер­дің есе­бінен түс­кен қар­жының мөлшерлі бір бө­лігін өздерінің кино­өн­ді­рісін дамытуға жұм­сай­­ды. Бізге де осы тәжі­ри­­­бені алып, ки­но­­­театр­­­­ла­р­ы­мы­зда отандық фильм­­­деріміздің билетін арзан­датып, шетелдік фильмдердің билетін қымбаттау етуге болады. Өйткені ки­но­өндірісі бізден әл­деқайда ілгері  Ресейдің өзінде про­катта 90 пайыз Американың фильмдері жү­реді. Сол секілді Қазақстанда да Аме­рика киносының ықпалы зор. Сон­дықтан бұл мәселе Парламенттің дең­гейінде заң жүзінде шешілуі тиіс. 
Ал өз еліміздегі кино саласына оралар болсақ, меніңше, әр автордың құқығына қол сұғу дұрыс емес. Егер қандай да бір режиссердің түсірген фильмі тіркеуден өтсе де, халықтың көңілінен шықпай, кө­рермен жинай алмаса, онда мұның пай­дасы не? Кинода жалаңаш адамды көр­сетуге болмайды дейміз. Бірақ біз көр­­­кемсурет училищесінде 2-курста оқып жүр­генде жалаңаш адамның су­ретін сала­тынбыз. Біз неге Алла та­ға­ла­ның жара­ты­лысын көрсетуден қор­қуы­мыз керек? Ме­ніңше, осындай дү­­­ние­­лерге цензура жасау – абсурд. Осы­­дан біраз уақыт бұрын режиссер Е.Тұр­сыновтың «Келін» фильмін сонша қызылкеңірдек болып талқылап, бұрыш­қа тықтық. Бірақ, меніңше, осы фильмде мас­қаралайтындай ештеңе жоқ. Қайта мен «Келін» картинасын көр­геннен кейін режиссер ретінде менің шы­ғар­ма­шылығымда осындай шынайылық жетіс­­пей­нін байқадым. Жалпы, кино де­ге­ні­міздің өзі құ­лып­таулы тұрған біреудің өмі­ріне кіру, оның жан дүниесін зерттеу, жа­ман-жақ­сы тұстарын түгел көр­сету ғой. Ки­но – өмірдің шы­найы көрінісі.

Бейтарап пікір
Еркін Рақышев,
әуесқой режиссер:
– Еліміздегі отандық және шетелдік фильмдерді бір тәртіпке бағындырып, тіркеуден өткізудің қажеті жоқ. Бірақ, ең бастысы, прокатқа шыққан картиналардың біздің қоғамға зияны жоқ па, халықтың мүддесіне қаншалықты әсер етеді, осы тұрғыда фильмдерді сараптамадан өткізуге болады. Демократиялық сөз бостандығы бар елде өмір сүреді екенбіз деп, әркім өз ойына келгенін түсіре беруіне болмайды. Өйткені біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін фильмдер де прокатта жүруі мүмкін. Кейбір фильмдер көрерменді надандыққа, рухани құлдырауға әкеліп соғады. Мысалы, фильмде діни тақырып қозғалды делік. Мысалы, маған өзгенің діні ұнамайды, өзімдікі ғана жақсы. Сонда мен өзгенің дінін қаралайтын фильм түсірсем, мұның соңы елімізді қатерге әкеліп тіремей ме?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста